Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:42, 21 Ақпан 2024

Отбасы құндылығын нығайту неліктен маңызды?

Отбасы
Фото: из открытых источников

Берік және бақытты отбасы – келісімді қоғамның басты құрамдас бөлігі және мемлекеттің сенімді тірегі.

Отбасы отансүйгіштікке, жауапкершілікке, инабаттылыққа, үлкенді сыйлауға, еңбексүйгіштікке, дамуға ұмтылуға тәрбиелеп, адамгершілік ұстанымдар мен гуманистік мұраттарға негізделген дүниетанымның негізін қалайды.

Отбасы және отбасылық құндылықтар – кез келген адамның өмірін құрайтын ең маңызды іргетас. Тұлғаның қалыптасуы отбасынан басталады, ал отбасылық құндылықтар тұтас даму үшін қажетті дағдыларды қалыптастырады. Балалардың мінез-құлқы отбасында болып жатқан оқиғалардың симптомы. Сондықтан қазақта “ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің” деген сөз бекерге айтылмаса керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отбасы туралы сөзінде отбасындағы құндылықтарды сақтау, ұрпақты жан-жақты дамыту және ана мен баланы қорғау мемлекет саясатының басты бөлігі деген еді.

«Түбірді тану, отбасылық дәстүрді қастерлеу халқымыздың өзін-өзі тануында қай уақытта да ерекше орын алған. Ал бүгінгі таңда ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарып жатыр. Мемлекет пен қоғамның міндеті – отбасы институтын нығайту және өскелең ұрпақты жан-жақты дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау. Ана мен баланы қорғау және қолдау – біздің саясатымыздың басты басымдықтарының бірі», - деген еді Тоқаев.

Сондықтан да елмізде отбасылық саясаттың дұрыс жүзеге асырылуы, балалардың дұрыс тәрбие алуына баса назар аударып келеді. Мысалы, 2014 жылы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасы бекітілді. Онда адами капиталдың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру шеңберінде ананы, баланы және отбасылардың осал топтарын әлеуметтік қолдау көрсетілу мәселесі көтерілді. Отбасында гендерлік теңдік деңгейі неғұрлым жоғары болса, отбасы мүшелерінің адамгершілік, тәрбиелі және басқа да маңызды функцияларды орындаудағы жауапкершілігі, тепе-теңдігі және тиімділігі соғұрлым жоғары болады. Сондықтан кейінгі жылдары елімізде туу көрсеткіш, бала өлімі біршама азайып келеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 9 ақпанда өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы демографиялық ахуал туралы нақтыланған ақпаратты ұсынды.

Бюро мәліметтері бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 033 546 адамды құрады, оның ішінде: қала тұрғындары – 12 451 004 (өсім 1,9%), ауыл тұрғындары – 7 582 542 адам (өсім – 0,3%).

"Кейінгі 12 айда халы 266 739 адамға көбейген. Оның ішінде табиғи өсім есебінен - ​​257,3 мың адамға, көші-қон - 9 344 адамға халық саны көбейді. Өңірлер бойынша», - делінген хабарламада.

12 айда Қазақстанда 387,9 мың бала (2022 жылы 403,5 мың) дүниеге келген, оның 200,3 мыңы ұл, 187,6 мыңы қыз бала. Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 19,5 құраған. Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға шаққанда 26,78 адам), Түркістан (26,11) облыстарында және Шымкент қаласында (25,68) байқалған. 12 айда 3215 нәресте 1 жасқа дейін шетінеп, 1000 туылғанға шаққандағы нәресте өлімінің көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда төмендеп, 7,69 (2022 ж. – 7,97) құрады.

Жалпы отбасы құндылығын сақтау отбасы шырқының бұзылмауына, ерлі-зайыптылардың ажыраспауына, балалардың толық отбасында дұрыс тәрбиеленуіне әкеледі. Адам мемлекеттің басты капиталы. Сонымен бірге отбасылық құндылықтардағы ең бастысы – отбасы мүшелерін біріктіру, оларды өмірдегі кез келген қиыншылыққа дайын болатындай ету. Сондықтан отбасы мұрасын қорғап, балаға көбірек көңіл бөлу керек. Осылайша сіз кішкентай адамға өзін үлкен нәрсенің бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік бересіз.

Тегтер: