Өтебай Қанахин

Өтебай Қанахиннің есіміналғаш рет мектепте, тоғызыны, әлде оныншы класта оқып жүргенде жадымдатұтыппын.
Өткен соғыс тақырыбына арналған «Ауыр күндерде» деп аталатын повесть,әлде романы мен тұрақты жаздырып алатын «Әдебиет және искусство» – кейінгі«Жұлдыз» журналында жарияланған еді. Авторы Қиыр Шығыста – Орыс-Жапон соғысыныңтарихы және А.Степановтың аттас романында сыпатталатын Порт-Артур қамалындаәскери қызмет атқарған жылдарда жазылған екен. Қазірде сонда тұрып жатқансияқты. Кейінде білгенім, Совет–Герман соғысына қатысқан, бұдан соң Жапоншебіне түскен қазақ офицері осы, шетте жүрген кезінде нұсқалаған шығармасын1953 жылы поштамен Қазақстан Жазушылар одағына жолдайды. Мұнда сол замандағыбелгілі жазушы Мұқан Иманжановтың қолына тиеді. Шетін жағдайдағы өзгеше дүние.Кемістік жақтарын көре тұра, жоғары бағалапты. Өз кезегінде Сәбит Мұқановтыңалдына тартады. Сәбең де құлдырап түсіпті. Атаулы хат жазып, Қазақстанғашақыртқан екен. Ө.Қанахин тезінен әскерден босанып, елге оралыпты. Қаламгерлік,журналистік қызмет басталады.
Өте-ағаңды алғаш ретжүзбе-жүз 1965 жылдың ақырында көрдім. «Жазушы» баспасында бас редактор болыпотыр екен. Мен осыдан екі айдай бұрын «Қазақ әдебиеті» газетіне келгем. Қаламгерлерүйінің үшінші қабаты. Бітіп тұрған, «ХV-ХVІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын, жыраулары»деп аталатын монографиялық жұмысымды, ғылыми аппаратын жеңілдетіп, мәшіңкегебастырып, «Қобыз сарыны» деген атпен «Жазушы» баспасына ұсындым. Біріншіқабатты тұтасымен қамтып жатқан, әрі сырлы, әрі айбынды нәшірият. Ең алдыменбас редактор Өтебай Қанахиннің алдына барғам. Кесір, кежірі жоқ, ашық мінезді,қаудырлаған кісі екен. Жалпы жұртқа қалайын білмеймін, жасы жиырма бестен жаңаасқан мені ұлық тұтып, ықыласпен қабылдады. Ежелгі әдебиет тарихына қатыстыжекелеген мақалаларымды оқыған екен. 67-жылдың жоспарына ұсынам, деген. Мен тымкешеуіл көріп, аңырап қалсам керек, «Мұхтар шырағым, бізде тақырыптық жоспаратаулы бір жыл бұрын жасалып, бекіп кетеді, қазір келесі 1966 жылға тиесілікітаптардың өзінің көпшілігі өндіріске тапсырылған, жаз ортасына дейін тақитаза бітіруіміз керек, ал бұл кезде арғы жылдың жоспары келіп тұрады, – деді. –Соған ілініп кетсек те жаман болмайды. Мен ұсынам. Алайда, мұнда директор бар,анда Баспаком, одан да жоғарыда Орталық Комитет, алдағы май айына дейін қаншамаөткелектен өтуі керек...» – деген. Мен іс мәнісін кәміл аңдап, қауіп ойласамда, бас редакторға риза болып, ақыры шегіне жетіп кетейін деп, директорға кіріпшықтым. Дүйсенбек Еркішев деген, бұрын мансапты қызметтер атқарған, егде жастағы,байыпты, салиқалы жан екен. Бұл кісі де жылы жүз, жақсы пейілмен қабылдады. Таңқаларлығы, әдебиетші болмаса да, әдеби ахуалды жіті қадағалап отыратын сияқты,менің бұл кезде аса жоғары бағаланып жатқан зерттеу және сын мақалаларымменжақсы таныстығын байқадым. Уәде бере алмаймын, әйткенмен мақұл көрем, деген.Ақыры, жоғарыдан тоқтау салынса керек, баспаның екі басшысы қабатынан қолдаған,тіпті, соңғы сәтте директор қосымша талап жасаған «Қобыз сарыны» 1967 жылдыңжоспарына енбей қалды. Енді 1968. Алайда, көп ұзамай, маған оң көзқарастағыҚанахин жоғарылап, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетіне қызметке ауысты,директор Еркішев пенсияға кетті, сөйтіп, үмітті кітабым ауаға ілініп қалған.Алайда, арада екі-үш ай өткенде «Жазушы» баспасына Ілияс Есенберлин келіптүскен, артық-кем емес, тура үш күннен соң менің өзім де осы Ілекемніңшапағатымен осы баспаға орынбасар бас редактор мансабына бекідім. Сөз жоқ, 1968жылдың жоспарына да өтпеуге тиіс «Қобыз сарыны» монографиясының жолы ашылды.Алайда, Өтебай Қанахин ілкіде талап еткен, анығы – бұл қалыпта жүзеге аспас оңниеті жадымда тұр. Және қайтадан табыспақ екенбіз. Өтебай Қанахин арада екі жылөткенде, 1969, Ілияс Есенберлин тұсында, «Жазушы» баспасының құрамында төтеденашылған, болашақта дербес журналға айналуға тиісті «Жалын» альманағына алғашқыбас редактор болып бекіді. Мансап тұрғысынан алғанда мұншама төмендеуі – отбасымәселесіне байланысты деп естідік. Ол заманда әрқилы жағдаймен некелі әйеліненайрылысу – ерекше оқиға. Әсіресе, партия, совет қызметкерлері үшін. Өте-ағаңбұрнағы, орыс текті зайыбынан ажырасып, қазақ қызына үйленбек екен. Соныңқарымтасы. Енді Өте-ағаңмен баспаның апталық лездемесі, жалпыға ортақ жиындармен оқиғалар кезінде үнемі кездесіп жүрдік. Шүйіркелесе сөйлесіп, тығызараласпасақ та, шырайымыз түзу. Болашақ жеңгеміз, уылжыған жас Сағираны алғашрет осы кезде көрдім. Қасында дәп өзіндей қыз серігі бар, әлдебір мерекедеӨте-ағаңа бір шоқ гүл әкеліп еді. Көп ұзамай ағамыз бен екеуіміз тағы да екітарапқа кетіппіз.
Ақыры, арада жеті-сегізжыл өткенде үй-жайымызбен көршілес шықтық. Біз – жазушылардың «Сары үйінде»,Өте-ағаң кейінірек салынған «Ақ үйде». Дабыралы Жамбыл көшесі. Енді тұтас бірқазақ ауылы есептіміз. Өте-ағаңмен қонақжай, етжақын араласымыз болмады,әйткенмен, біздің жазушылар қауымының әрқилы мерейтойлары, ортақ дастарқанкездерінде тоғысып қаламыз. Оның үстіне, Сағира жеңешеміз біздің Бақытжамалменқұрбылас және түсіністі абысын шықты. Іргелес тұрған соң жиі кездеседі, кейдебазарға бірге барысады. Жас жеңгеміз де Өте-ағаң кейіптес, ашық мінезді,жайдары кісі екен. Еркін қалжыңдасамыз. Осы орайда бір жолы ағамызға айтқанымбар: «Өте-аға, сіздің үйдегі жеңгем мен біздің үйдегі келініңіз құрдас екен,есебі, сіз бен біз де тепе-тең боламыз», – деп. Өте-ағаң: «Жөн-ақ!..» – депқарқылдап күліп еді.
Бұл Өтебай Қанахин кешегіСовет-Герман соғысына қатысқан, одан соң тағы нешеме жыл бойы әскери қызметтеболған, жинақтап келгенде бізден бірталай үлкен, бұл кезде алпысқа тақап қалсада, жас жігіттей, бойы тіп-тік, кеудесі шалқақ, жүрісі жедел, бар қимылы қунақ.Ашық-жарқын, еркін сөйлеседі. Ұзақ әскери қызметпен қатар, тума бітімі. Арамызбес-алты емес, тура он жеті жас. Алайда, мәтелде айтылатын бел-құрдасқа тақаукөрінеді. Оның үстіне, кейінгі балалары – Саябек пен Құралай біздіңортаншылармен тұстас, біз ғана емес, Қадырдың, Жайсаңбектің үйінен шыққан, алдытөменгі кластарда оқитын, арты әлі мектепке де ілінбеген, таза қазақы қаншамабаламыз шүпірлеп, бәрі бірге ойнайды. Саябек әкесіне тартқан ақкөңіл және аңқауекен, үлкенірек балалар қызықтап айтатын.
Бір күні кітапханаданқайтып келе жатсам, Өте-ағаң аралас ауламызда қатты ренжіп тұр екен. Әлдебірсұғанақ, көлденең балалар Саябектің белесебетін ұрлап әкетіпті. Бұл не сұмдық,деген Өте-ағаң кейіп. Үлкен емес, қатарлас балалар алды. Бала болса датісқаққан ұры. Сыртқы есіктен озып, қорықпай, даланда тұрған дүниені ұрлау оңайма… Бүгін орайы келмеді, ертең милицияға тапсырам… Бекер әуре боласыз,дедім мен. Милиция таппайды, тіпті іздемейді. Одан да өзіміздің балалар тақаутөңіректі қадағалап жүрсін, мүмкін, жосығы аңдалып қалар… «Жоқ, мәселевелосипедте емес, – деді Өте-ағаң. – Мына балаларға әсері жаман ғой. Дүниедеосындай былық барын көрді. Оның үстіне, анау ұры бала, ертең өскенде кімболады? Нағыз рецидивист қылмыскер болмай ма. Егер осы қазір ұсталып, тергеліпжатса, әрине, кешіреміз, ешқандай ауыр шара қолданылмайды, бірақ өмірлік сабақболар еді...»
Ертең жоқ, арғы күнібіздің Мағжанды милиция бөліміне шақыртқан. Күмәнді емес, куәгер ретінде.Әкесі, немесе шешесімен бірге. Мен бардым. Алыс емес, екі-үш квартал жоғарыда.Жолай Ілиясты жетектеп алған Жайсаңбекті қуып жетіппін. Олар да куәліккебарады. Қадыр қайда, Қазыбекпен бірге? – деп едім, бұлар бізден бұрынырақшақырылған екен, жаңа, үйден шыға бере қарсы кездестік, Қадырдың өзі емес,Салтанат, деді. Ұрлыққа жол берген сендердің өздерің, енді ай даладағы біздімазалайсыңдар деп, мілисаға ұрсып кеттім, депті. Қалиханның балалары ше? Олардыбілмеймін, бәлкім, өтіп кетті, мүмкін ертең шақырар, әйтеуір жауапсызқалдырмайды, деді Жайсаңбек. Сонымен не керек, сол күні және бір аптадан кейінтағы да, Саябекпен құрбылас және ересектеу балалар, һәм ата-ана ретінде біз де,белесебеттің болуы рас, ұрлануы да рас, бірақ ештеңе білмейміз, күмәндікісілеріміз жоқ деп, екі қайтара анықтама беруге тура келген. Әуелде ауызша,кейінде жазбаша. Әрине, Саябектің белесебеті сол беті, ұшты-күйлі жоғалды. Осығанжалғас тағы бір күндері Өте-ағаңмен үй маңында ұшырасқанда қатты ренжімесем де,наразылық шетін аңдатып едім. Өте-аға, айтып едім ғой, ештеңе шықпайды деп,керісінше, үлкендер үшін әурешілік, балаларға теріс тәрбие болды, мілисаның кімекенін көрді, деп. Өте-ағаң оқыс қызарды. Иә, иә… қате болды, деген. Бұлелеусіз жағдаятты еске түсіріп отырғаным, жас кезінде отты майданға түскен,одан соң әскер қатарында, шет жұртта, сөз жоқ, қаншама сұмдыққа куә болғанӨтебай Қанахин осы егде шағының өзінде тумыстағы сенімпаз, аңғал, ақкөйлекқалпынан таймаған екен. Әділдікке жақ совет милициясы өзінің міндетін адалатқаруға тиіс деп біледі. Және мынау қисынсыз ұрлықтың біздің балаларға терісәсері өз алдына, әлдеқайдағы әлдебір сұғанақ бала тиесілі ескерту алып, жаманшылықжолдан тыйылуы қажет. Таң қаларлық мінез.
Көп ұзамай-ақ, бұдан гөрімәндірек, Өте-ағаңның жазушылық қызметіне байланысты зорлық іске ара түсугетура келген. 1984 жылдың 1 ноябрь күні мен Есенберлин заманынан үйреншікті«Жазушы» баспасына бас редактор болып қайта оралдым. Басқа тараптағы он үшжылдан соң. Бірден-ақ бар мен жоқты түгендеп, баспаның асты-үстілі барлықжағдайын айқындаған едім. Және бұрынғы бас редактордан қалған екі шкаф қоқыстыақтарып, аршып, біржола тазартуға тура келген. Осы қатарда Өтебай Қанахиннің«Қарт сарбаз хикаясы» романы қолыма ілінді. Баспадан шыққан, түптеліп, дайынболған кітаптың екі данасы. Біреуі – тап-таза, жап-жаңа, екіншісі – алғашқыбетінен бастап әрқилы сия, қызыл-ала, көк-ала қарындашпен сан түрлі белгілерсоғылған. Бұл романның кейісті оқиғасын сырттай естіген едім. Өткен 1983 жылыжарыққа жеткен, ізінше саяси қателері мол, зиянкес кітап ретінде түп-тамыры,бар тиражымен жойылған.
Енді жақынырақ, бартарихымен нақты танысуға тура келді. 1983 жылдың Баспакомда, Орталық Комитеттебекіген тақырыптық жоспары. 82-жылдың соңғы тоқсанында барлық редакциялықөткелектен өтіп, жаңа жылдың 18 январь күні өндіріске тапсырылған. 20сентябрьде екінші, негізгі терімге қол қойылады. Кітап редакторы, прозабөлімінің меңгерушісі. Және бас редактор Есет Әукебаевтың өзінің мақұлымен.Яғни, осыдан бұрын мемлекеттік цензурадан өтті деген сөз. Алайда… жаңа ғанақол қойып, кітапты басып шығаруға рұқсат берген Әукебаевтың мемлекеттік, ресмицензурадан да күшті, үстеме, Әукебаевтық цензурасы бар. Шамасы екі-үш айдансоң, «Қарт сарбаз хикаясы» жиырма мың тиражбен басылып, түптеліп, біржола дайынболған кезінде іске қосылмақ. Кеше ғана өзі қол қойды, енді ештеңесі өзгермегендәп сол кітаптан қаншама идеялық қате табады да, бұдан әрі таралуына тыйымсалады. Баспадан көтеріліп, Госкомиздаттан өтіп, КГБ-ға мағлұм болып, одан әріЦеКа-ға жеткен ойбай-аттан. Қазақ ұлтшылдығын насихаттаған, советтікидеологияға қайшы, орыс халқына қарсы кітап екен. Бұл не сұмдық! Жарыққашықпасын! Жойылсын! Енді осыншама кісәпір кітапқа кім ара түспек. Жарым дүниедүрлігіп жатады. Жоғарғы жақтың ауызша, немесе үнсіз бас изеген мақұлынан соң,«Жазушы» баспасының директоры Әбілмәжін Жұмабаев қатал қаулы шығарады. «Қартсарбаз хикаясының» бар тиражы жойылуға тиіс, сол типографияда тұрған қалпындатұтасымен пышаққа түсіп, макулатураға айналуы керек. Ал осыншама зиянды кітапқажол берген проза редакторына сөгіс, осыған керісінше, мұндай ғаламат қатеніайқындап, «Жазушы» баспасын, Госкомиздатты, қала берді бүткіл Қазақстанды жатсарынды, идеялық қатеден арашалап қалған Есет Әукебаевқа кезекті алғыс. Ендібүткіл Госкомиздат жүйесі, төраға Шериаздан Елеукенов, бас редактор НұрғазыШәкеев, үлкенді-кішілі тағы қаншама бақылаушы: «Апыр-ай, Есет Әукебаев сияқтықырағы көз болмағанда қайтер едік...» – деп, тәубасына түсіп, уһ деп дем алады.Әукебаев «Жазушыға» бас редактор болып бекігеннен бергі нешеме жылдағы әлдеелуінші, әлде жетпіс, сексенінші игілік!
Мен Қанахин романынақатысты ресми іс қағаздарымен танысқаннан соң, атаулы «Қарт сарбаз хикаясы»романының өзін мұқият оқып шықтым. 1916 жылғы оқиғалар және қанды көтерілістіңшынайы шежіресі. Бастан-аяқ өз кезінде жария және күні бүгінде әрқилыархивтерде сақталған нақты, тарихи деректерге құрылыпты. Сонымен қатар, танымымол, халық тағдырына қатысты қаншама толғамы бар көркем туынды. Ал романныңидеялық тұрғысы… бүгінгі коммунистік ұғым шеңберінен шықпаған. Қазақстанның,Қырғыз бен Өзбектің ресми тарихтары тұрғысында. Бір сөзбен айтқанда, идеялыққате, ұлтшылдық, орысқа қарсылық дегендей қиғаш ұғымдардың елесі де жоқ.Бастан-аяқ шындық және советтік әдепкі идеология ауқымында. Мен таң қалмадым.Мәселе жалақор, қисық-қыңыр Әукебаевта ғана емес. Бұл кезде кез келген оңпікір, шынайы хикаяларды теріске бұра салатын былғаныш дәстүр біршамақалыптасқан. Оның мен өзім тікелей куә болған өзгеше бір көрінісі – 1970 жылғы«Алдаспан» антологиясының қатаң тағдыры. Онда да ағымдағы, коммунистік, ресмиидеологияға қайшы келетін ешқандай сұмдық жоқ еді. Алайда, әуелде осыӘукебаевтың жымысқы көрсетуі, содан соң Орталық Партия Комитеті – МихаилЕсенәлиев, Сапар Байжанов, бұлардың үстіндегі Саттар Имашевтің былғаныш әрекетімен тиесілі жарлығы нәтижесінде оң ісіміздің бәрі теріске айналған. Мұнда дасол сияқты. Осыншама айқай көтерілуі – тек бастапқы дақпырт, көлденең жалағабайланысты болатын. Егер Әукебаев, немесе басқадай бір «қырағы» жолдас аяқастынан шу көтермесе, «Алдаспан» да, «Қарт сарбаз хикаясы» да сол қалпындажарыққа жетіп, көпке таралар еді, және бұдан соң ешқандай пәлекет шықпас еді. БаспадағыӘукебаев тек қана әсіре белсенді қозғаушы күш, қазақ-ноғай аңызындағы «ала тай»екен. Бірақ кездейсоқ жағдай емес. Совет өкіметі өзін өзі алып жеп, ақырықұрдымға батар зобалаңның әуелгі бір толқыны.
Айтқанымыздай, бейкүнәкітап туралып кетті. Енді қайткенде де жаңадан ақтап алу, қатарға қосу мүмкінемес. Дәп осы мезетте басқа бір кілтипан алдан шыққан. Табиғи жағдай, аталмышроман редакциялық талқыдан өтіп, редактор, бөлім бастығы, бас редактордың өзімақұлдағаннан соң, директордың пәрменімен өндіріске тапсырылар қарсаңда, ӨтебайҚанахин өзіне тиесілі, заңды қаламақысын алған. Бірінші тираждың алпыс пайызақшасы. Енді… кітап шықпай қалған соң, мойнында ілініп тұр. Автордың ғанаемес, баспаның да теріс есебінде. Ал бұлай қалмауға тиіс. Тезінен шешу керек.Мен авторды шақырттым.
Сырттай естуімше, адалкітабы арам жалаға ұшырап, құрдымға кеткен кезде Өте-ағаң ауыр инфаркт алыпты.Әйтеуір, ежелден жинақы, әскери кісі, оның үстіне бұл кезде денсаулығы жақсы,тым теріске аумай, әбден оңалған тәрізді. Қазақта «Ауырып тұрдың, – Аунаптұрдың», – дейтін, көңіл делбер мәтел бар. Өте-ағаң әдетінше ширақ, екпінді,алайда кейісін жасырмаған. Осылай да осылай болды деген, дүниеден түңілгенкейіпте. Мен жалалы іспен бажайлап таныстым, романды да зерделеп оқып шықтым,дедім. 1916 жылдың өшпейтіндей шежіресін жасапсыз, дедім. Бұл сөз Өте-ағаңаауыр тиді. Жоғалған пышақтың сабы ғана емес, жүзі мен қыны да алтын екен,дегендей. Мүлде құлазып қалды. «Енді алдан тек қана жақсылық күтейік, – дедім.Жұбату ғана емес, үміт сәулесі. – Заман өзгеріп жатады. Құрдымға кеткен әлдебіршығармалардың қаншама жылдан соң қайта тірілгенін білесіз… Алайда, дәп қазірбасқаша амал жоқ… Сізді шақырғаным, мойныңызда бірталай ақша ілініп тұр.Романның әуелгі алпыс проценті. Соны жоққа айналдыруымыз керек...» «Білем… –деген Өте-ағаң. – Өткен күз, осында отырған кезінде Әукебаевтың өзі телефонсоққан. Қарызды тезінен жабыңыз, пәлен мың сомды баспаның кассасына тапсырукерек. Әйтпесе, заң жүзінде өндіріп аламыз деп. Байқап отырмын, сол әңгімеқайта көтерілмек. Сонда қалай? Мұншама ақшаны мен қайдан табам?» Тауып қажетіжоқ, дедім мен. Бәрі де оп-оңай. Әуелгі, жазықсыз кітапты турағаннан соң, сізгеекінші мәрте зорлық жасалмақ екен. Шындығында, сіз көк тиын да төлемейсіз...»Тағы да: «Қалай?» – деген Өте-ағаң таң қалып. Авторлық құқұқ заңы бар, дедіммен. Сіздің кітабыңыз баспада қабылданды. Тиесілі шарт жасалды. Заңды ақшасыналдыңыз. Енді осыдан соң басқа бір тараптан әлденендей қырсық шығып, кітапжарияға жетпей жатса, жаңағы алпыс процент қаламақы автордың пайдасына шешілуішарт. Оны аз десеңіз, әуелгі тираждың қалған қырық проценті. Адал, заңдыеңбегіңіз. Сізден әлдене талап етуге ешкімнің хақысы жоқ. Айтқанымдай,керісінше, кітаптың толық құны сіздің қалтаға түсуге тиіс… Өте-ағаң сенер-сенбесінбілмей, дағдарып, азғана отырды. «Сонымен...» – деген ақыры. «Сонымен, сізберешек емессіз. Керісінше, алашақсыз. Әйткенмен, кішкентай бір кілтипан бар.Алғаныңыз рас, баспаның борышқор есебіне қосқаны да анық. Енді… авторлыққұқық сотына арыз бересіз. Сондай да сондай. Бәрі күмәнді. Анығы – заңды түрдеқабылданған кітабым басылмай қалды. Енді кезінде авансқа алған ақшаны санаттаншығаруды сұраймын және қалған қырық пайыз қаламақымды кесіп беруді талап етем,деп». Өте-ағаң әлде қисынсызға таңырқап, әлде мұндай төтенше істің мән-мағнасынұқпай, іркіліп қалып еді. Екінші қайтара пысықтадым. Авторлық құқық қорғауагенттігіне бір жапырақ өтініш жазасыз. Сонымен бар шаруа орнына келеді, дедім.Өте-ағаң шошып кетті. Сонда мен… сотқа арыз түсірем, баспаны сотқа берем бе?Бұл – аты ғана сот, дедім. Сіз ешкімге жала жаппайсыз. Тек өзіңіздің авторлық,азаматтық құқұғыңыз сақталуын ғана талап етесіз. Бұл жерде аса сауатты, білгірюрист отыр. (Еуропалық нәсіл, орта жастардағы бәденді, толықша әйел еді, бүгіндеаты-жөнін есіме түсіре алмай тұрмын, жаңылмасам, Ида Борисовна сияқты, – М.М.)Қашанда біздің жазушылар қауымына тілектес. Арада екі күн өтпей, тиесілі шешімшығарып берді… «Құдай сақтасын, – деді Өте-ағаң шалқасынан түсіп. – Өмірікөрмегенім сот еді, енді осы жаста не болса да өз тарабымнан сотқажүгінбеймін.!..» Амал жоқ, Өте-ағаңды қайыра үгіттей бастадым. Бұл – әдепкі сотемес, қалай аталса да, шын мәнісінде юристік консультация, басқа шаруасы жоқ,әлгіндей, әредік, авторлық құқұқ тарабында ғана үкім айтады, сіз ешкімге жалажаппайсыз, тек өзіңіздің адамдық, азаматтық, авторлық үлесіңізді талапетесіз… Бәрібір көнбеді. Құдай сақтасын, осыншама заман адал ғұмыр өткеріп,ақыры ақша үшін сотқа шағыну деген… Енді мен ашық ренжімесем де, кейісімдіжасырмадым. Өте-аға, сіз өзіңізді ғана емес, бізді, мына баспаны да қолайсызжағдайда қалдырып тұрсыз. Сіздің қарызыңыз ендігі жаңа директор мен жаңа басредактордың мойнына жазылмақ. Тым құрғанда финанс заңын аяқасты қылды дегенсөгіс естиміз. Қайткенде кеміс ақшаның орны тығындалуы керек. Сіз оп-оңай, адалқадамға баспай отырсыз. Сонда не істейміз? – дедім. «Алған ақшамды орнынасалам, – деді Өте-ағаң. – Әрине, пенсиям жетпейді. Басқаша бір амалын тауып.Тақаудағы екі-үш жыл ішінде...» «Өте-аға, – дедім мен. – Біз бұл борышты алдағытөрт-бес айда біржола жабуымыз керек. Қазір Госкомиздат тарабынан жаппайтексеріс жүріп жатыр...» Өте-ағаң өңі қашып, шарасыз қалыпта маған қарап еді.«Онда, – дедім, ең соңғы көзірімді шығарып, – адал ақшаңыз құрдымға кетті. Әйткенмен,тағы бір амал бар. Жаңа кітап ұсынасыз. Тезінен келесі жылдың жоспарына ұсынып,қолма-қол алдынала шарт жасап, тиесілі жиырма бес процент қаламақыны манағықарыздың бір бөлігі ретінде ұстап қаламыз. Яғни, жоғарыдан ешқандай түртпекболмайды. Қалғаны – кітап өндіріске кеткенде. Кейін, кітап шыққан соң манаөзіңіз бас тартқан қырық пайыз және екінші тираждың толық ақшасы. Яғни, бартүйткілді жаңа кітаппен шешеміз...» Өте-ағаң жеңілейген орнына бұрынғыдан әрменкүйзеліп қалды. «Мұхтар шырағым, көп рақмет. Бірақ менде жаңа шығарма жоқ.Ауырдық, сырқадық, жаңадан жазу қайда, жан сақтаудың өзі мұң болды. Жаңакітабым жоқ...» – деді. Дәп сол сәтте маған төтенше ой келгені. «Онда… –дедім, – тіпті оңай жолын табамыз. «Қарт сарбаз хикаясы» деген тағы бір кітапшығарайық...» Өте-ағаң маған таңырқай қарап еді. – Бұрынғы «Сарбаз» емес, –дедім. – Сол аттас жаңа «Сарбаз». Әскери тақырыпта үлкенді-кішілі қаншамашығарма жаздыңыз. Солардың ішінен бірнеше іңгіме, шағын повестерді таңдапаласыз. Тіпті болмаса, баяғы, немесе кейінгі романдардың бірінен тұтас бөлім,тараулар. Сол көп дүниенің біріне «Қарт сарбаз хикаясы» деген тақырып қоясыз.Алдыңғы кітаптың атына сәйкес. Болды, бітті. Асса екі апта ішінде дайын, жаңажапсырылмаларын менің қолыма жеткізіңіз. Қалғаны – әлгі айтқанымдай. Жаңа шарт,жаңаша есеп. Бар айырма, өткендегіден көтеріңкі, ең жоғарғы қаламақы қоямыз.Міне, бар түйін шешілді!..» – дедім өзіме өзім риза болып, уһ деп дем алып.Өте-ағаң бетінің ұшы қызарып, азғана отырды да: «Мақұл, Мұхтаржан, – деді. –Жаңа… «Сарбазды» осы оншақты күнде алып келем...» Бөгелмей, кетуге айналды.«Өте-аға, – дедім мен. – Осы соңғы сөзім күшінде. Әйткенмен, әуелгісін деойланып көріңізші. Небәрі бір жапырақ қағаз. Сонда бұрнағы барлық қарызданқұтыласыз. Оған қоса, шайлық емес, соғымдық тағы көп ақша. Ал мына жаңакітабыңыздың барлық қаламақысы шашау ықпай, Сағира жеңгемнің қазынасынақұйылады...» Өте-ағаң өзінің қалыпты кейпін тапты. Басын кегжите көтеріп, мағанқолын ұсынған. Алайда, ләм-мим деп тіл қатпады.
Сол беті, әуелгі емес,ортаңғы да емес, соңғы, ең ұтымды нұсқа іске қосылған. Өте-ағаңның алғашқы«Сарбазға» тиесілі жүз пайыз қаламақысы, кейінгі «Сарбаздың» кесімді алпыспайызы – қаншама адал ақша құрдымға кетті. Есесіне жаңадан құралып, ол да «Қартсарбаз хикаясы» аталған әңгіме, повестер жинағы сол жылы күзде жарыққа жетіпеді. Бакстапқы кітаптың нақпа-нақ өзі сияқты: қосымша шығын шығармай, бұрнағыиллюстрациялар іске жаратылған, яғни, екі басылымның сыртқы кейпі бірдей,алайда, ішкі мазмұны екі түрлі.
Көп ұзамай менің өзім дебаспадан кеттім. Осыдан біраз бұрын жазушылардың Құрманғазы көшесіндегі жаңаүйіне көшкенбіз. Соңғы төрт-бес жылында Өте-ағаңмен жолымыз түйіспеген сияқты.Мүмкін, әлдебір жиын, немесе әріптестердің мерейтойында көріскен де шығармыз,тек есімде жоқ. Әйткенмен, күтпеген, көлденең өлімі көңілге дық түсірген. Иә.Қысасты қаза. Сексен, тоқсан жасасакерек еді. Баяғы шерлі кітаптан соңғы жүрек талмасынан біржола оңалып кетпегенекен. Шынында да, соншама еңбек зая болып жатқанда, темірөзек болмаса, кімшыдар. Қаламгерлік қызметтегі басты кітап, пенделік ғұмырдағы ең үлкен қайғы –қамырықты шер, қайта оралмас арман.
Ақыры, орны толды. Кеш теболса. «Жазушы» баспасынан соң бір жарым жыл өткенде мен республикадағы еңбасты әдеби ұйытқы «Жұлдыз» журналына бекіген едім. Совет өкіметінде, ақыртүпке жеткен «жариялылық» кезеңі басталған заман, 1988 жылы июль айында, еркінсайлау арқылы. Толық хүкімді бас редактор. Қайта тірілген Алаш арыстарыныңмәңгілік шығармаларын түйдек-түйдегімен жариялай бастадық. Көп ұзамайтәуелсіздік келді. Ендігі сарын тіптен басқа. Жаңа әдебиет, жаңа толғамдар.Өте-ағаңның әйгілі романын естен шығармасам да, әжептәуір кешіктіріп алғанекем. Ақыры, 1994 жылдың алғашқы екі санында жарияға жеткіздім. Кітаптың қилытағдыры айғақталған шағын алғысөзбен. Өте-ағаңның артта қалған отбасының еренқуанышы және, өлгенді тірілтіп, өшкенді жандырған әдеби журналдың үлкен мерейі.
Шынында да. ӨтебайҚанахиннің «Қарт сарбаз хикаясы» романы сол беті жойылып кетпеуге тиіс еді.Қатардағы жай ғана роман емес, қасыретті 1916 – қарусыз Алаш жұртының ұлтазаттық көтерілісінің қазақ әдебиетіндегі ең толымды, ең мәнді сыпат тапқанүздік көрінісі. Тар заманда жазылуы, керек десеңіз, өз кезінде түрмеге жабылып,өлімге кесілуі – бұл кітаптың құнын арттыра түссе керек. Кейін, еркіндік дәуірдеосы тақырыпта қандай және қанша шығарма туса да, Өтебай Қанахиннің «Қарт сарбазхикаясы» андағайлап, оқшау тұрмақ.
Иә, айтпақшы. Өте-ағаңныңұлы мен қызы ер жетіп, бой түзеуге тақаса да, кәмелетке толмай қалып еді. Алдақаншама қиындық тұрған. Әйткенмен, жеңгеміздің қажыр-қайраты, балалардың атағатарта туған жетесі бар, бүгінде қатарға қосылып, тіпті, көп жұрттан озық,еңселі жағдайда ғұмыр кешіп жатқан сияқты. Екеуі де жоғары білім алған,абыройлы, жақсы қызметте көрінеді. Саябек осы жақында ғана мұншама шалғайАмерикаға телефондап, біздің Едігемен хабарласыпты. Бала кезден біліс бауырларғой. Ал Құралай, интернеттен оқыдым, жұмыс сапарымен әкесінің туған өлкесінебарып қайтқан екен. Ондағы қазақ үлкен жазушының тұяғы деп, құрметпенқарсылапты. Сағира жеңгейдің де кеудесі көтеріңкі болса керек, Өте-ағаңменжиырма жыл бойы бақытты тұрмыс кешті, ұлын өсірді, қызын жеткізді, ендіүйелмел-сүйелмел қаншама немересін қызықтап жатқан көрінеді. Осыдан артыққандай қуаныш болуға мүмкін. Оның үстіне бұл балалардың атасы – тік жүріп, тіккеткен ұлтшыл жазушы Өтебай Қанахин болса!..
Силвер Сприң, Мэриленд,АҚШ.
1-2.ХІІ.2018
Көшіріп басуға болмайды