Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:08, 23 Шілде 2020

«Откатын» беріп қойған...

      Дәрі-дәрмектерді асыра бағамен сату жалғасуда

       Өткен аптада президент Қасым-ЖомартТоқаев коронавирусқа байланысты жиын өткізіп, ақыры көп кісінің өліміне әкелгенжүйедегі бассыздықтарды ашып айтты.

Айтуға мәжбүр болды десек, дұрыс шығар. Өйткеніинтернет дамыған мына заманда жүйенің заңсыздықтарын, шенділердің жүгенсіздігінжасыру мүмкін болмай қалды. Халықтың наразылығы ушығып, желіде қатты сөздержан-жақтан төпелей бастаса, билік осындай үлкен жиын өткізіп, кінәлілердіараларынан іздеп, ел алдында «көрініс» жасау дәстүріне көшеді. Көрінісдемегенде қайтеміз, мысалы, «дәрі-дәрмектерді асыра бағамен сатқандар ұсталды,олар жазаланды» деп, үкіметтік деңгейде көптеген құзырлы орган есеп беріпжатқанда, мына жақта көшедегі кейбір дәріханалар беті былқ етпестен ойданшығарған бағасын  түк өзгертпестен,саудасының көрігін қыздырып жатыр. Ең құрығанда жоғары деңгейде осындай көрінісжүріп жатқан сәтте бұлар да бағасын уақытша түсірген кейіп танытуы тиіс едіғой. Ол да жоқ. Неге?

     Меніңше, оның екі себебі бар. Біріншісі –бұл бір дөкеймен байланысты дәріхана. «Сата беріңдер, айта берсін, ештеңе істейалмайды, мына жақта біз не үшін отырмыз» дейді де көкесі. Екіншісі – өтеуінөтеп қойған соң, осылай ойына келгенін жасайды. Бұл арада өтеуі дегеніміз – бірсөзбен айтқанда, «откат» қой. Ал «откат» бұл жүйенің қалыпты құбылысы екенін сыбайласжемқорлықпен күрес қызметінің мүйізі қарағайдай бастығы Алик Шпекбаевтың өзі демойындап отыр. Осы аптада агенттіктің жартыжылдық жұмысын қорытындылаған алқалыжиында Шпекбаев: «Откат» жүйесінің біздің қоғамда әлі де өркендеп тұрғанынмойындау ауыр, бірақ қазір оның ставкалары қанша екенін жұрттың бәрі біліпалған», – деді. Иә, тура осылай айтты. Енді осыдан кейін не дейсіздер?

      «Откатын»бергендер шыққан шығынын осылай бағаны көтерумен өндіреді де. Ол да қазіржасырын емес. Сонда біздегі инфляцияға тарифтен бұрын, осы «откаттар», оныңставкасындағы өзгерістер тікелей әсер етуде. Айналып келгенде, бұл онсыз датитықтаған қарапайым халықтың қалтасын қағумен тынады. Бәрінен масқарасы – бұлкарантин де, коронавирус та біздің жемқор билікке тұсау бола алмай тұрғанынайқындайтын нақты фактілер.  Оны тағы дасол Шпекбаевтың өзі мойындап отыр. «Дәнігіп алған кейбір шенеуніктер тіпті елүшін қиын уақытта да жеке қорғаныс құралдарын, дәрі-дәрмектер мен медициналыққұрал-жабдықтарды сатып алу арқылы пайда тауып, бассыздыққа баруда. Тұтқындаужәне түрмеге жабумен бұл мәселе шешілмейтінін ұққан боларсыздар», – деді Алик Жатқамбайұлыагенттіктің алты айдағы жұмысының қорытындылары бойынша өткен алқалы мәжілісте.Көрдіңіздер бе, құзырлы өкілдің өзі соттаумен бұл мәселенің шешілмейтінінайтады. Бұл іріп-шіріген бүтін жүйе, соттап, түрмеге қамау да оны енді тоқтатаалмайды. Өйткені бұл қоғамда оны айналып өтудің де жолдары жасалған. Яғниақшасын төлесең, жеңіл жазамен құтыласың. Әрі бұл заңды да. Осыдан кейінкінәлілерді іздеп, оны жазалаудың өзі де тиімсіздік танытпай ма? Меніңше,Шпекбаевтың айтып отырғаны осы.

     Иә, халықтан жасыратын түк қалмағанынқазіргі билік біледі, бұрын жасырып-жамап әлек болушы еді. Қазір өйтпейді, бірденмойындайтын болған. Әкімі де, министрі де. Бірақ сол мойындаумен оп-оңайқұтылып кете барады. Халыққа түсініксіз жері де осы. Жазаны қойшы, ең құрығандақарапайым адамдарға өкіртіп салынатын айыппұл оларға неге салынбайды? Алосындай жағдайды түсіндіруі тиіс халық қалаулылары не істеп жатыр дейсіз бе,бұл кезде? Айтқандарын естісеңіз күлкіңіз келеді.

      Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша кеңесшісі, қалалық мәслихаттың депутатыМирас Шекенов осы аптада «ANTIKOR ORTALYGY» онлайн-диалог алаңында дәріханаиелеріне қаратып былай деді:  «Дәріханаиелеріне айтарым, көп дәрі-дәрмекті асыра бағамен саттыңыздар, солай жасағанекенсіздер, әлі де өз қателіктеріңізді мойындауға уақыт бар, елден алған артықақшаны өз иелеріне қайтарыңыздар. Сіздерде мұны өз еріктеріңізбен жасауғамүмкіндік бар әлі».

    Өзі не айтып тұрғанын біле ме, бұл кісі? Сондаолар кімге, қандай дәріні сатқанын қайдан біледі? Әлде арызданған адамдарғақайтар дегені ме? Ал олар қымбат дәрі-дәрмек сатып алғандардың ары кетсе  10 пайызы ғана шығар. Сондағы бар жазасыныңтүрі осы ма? Біреуге айтсаң сенбейтін шығар. Бірақ коронавирусқа байланыстыжазалауға қатысты біздегі жағдайдың түрі осы.

      P.S. Өзім тұратын ауданда Титов дегенкөше бар. Осы көшені жағалай он шақты дәріхана орналасқан. Алдында біреуінен «Азитроцимин-500»деген дәріні 2400 теңгеге сатып алғанмын, таусылып қалған соң, дәріханаға қайтабардым. Сол көшені жағалап келемін, «ондай дәрі жоқ» дейді бәрі. Тек біреуіндебар болып шықты.

          – 3000 теңге.

–      Өткендеғана 2400 теңгеге алғанмын, мұныңыз не, қазір дәріні асыра бағамен сатқандардыжазалап жатыр, қорықпайсыз ба? – деймін.

–      Біздеосы баға, ұнамаса басқасына бар, – деп шорт кесті.

  Ербол АЗАТҚАЛИ

Тегтер: