08:53, 04 Шілде 2022
Өткен тәулікте 158 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда 3 шілдеде 158 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласы — 35Алматы қаласы — 88Шымкент қаласы — 6Ақмола облысы — 4Алматы облысы — 5Атырау облысы — 8Шығыс Қазақстан облысы — 1Батыс Қазақстан облысы — 1Қарағанды облысы — 7Қостанай облысы — 1Қызылорда облысы — 1Солтүстік Қазақстан облысы — 1.Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 307 330-ға жетті.
Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 73 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.