Өткенсіз болашақ жоқ

Өткен тарихты ұмытпау болашағы жарқын тәуелсіз ел үшін қашанда басты бағыт болып қалуы тиіс.
Қарағанды облысындағы қасиетті Ұлытау өңірінде "өткенсіз болашақ жоқ" деген мақсатпен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында материалдық емес мәдени мұраны сақтау жөніндегі форум өтті.
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында түрлі жобаларды өткізудің нәтижесінде ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып,ұлттың тарихы ұмытылмай ұрпаққа үлгі болып жатса жобалардың шынымен жеміс бергені. Материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен дамытуға арналған алғашқы Қазақстандық қоғамдық форум онлайн түрінде өткізілді.
Бүкіл Қазақстан бойынша маңызды іс-шара болып табылатын форумды ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен " Ұлы Тағзым " Қарағанды қоғамдық қоры ұйымдастырған болатын. Өткен тарихты ұмытпауға бағыттайтын форумға қауымдар өкілдері мен материалдық емес мәдени мұраны тасымалдаушылар, қолданбалы қолөнер шеберлері, мұражай қызметкерлері, зерттеушілер мен сарапшылар қатысқан болатын.
Форум барысында Қазақстандағы қолөнершілерге қолдау білдіру олардың әсіресе ұлттық нақыштағы тың дүниелерді жарыққа шығаруды дамыту,өлкетану мұражайлары қызметінің жаңа бағыттары олардың мақсат мәндеттері талқыланды. Сонымен қатар,Қазақстандық дәстүрлі білім тасымалдаушылардың ЮНЕСКО-ның "Ұлы Жібек жолындағы фестивальдар" жаңа жобасына қатысу мәселелері жөнінде де айтылды. Айта кетер бір жайт, Қазақстан ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Конвенциясына 2011 жылғы желтоқсанда қосылған болатын. Арада он жыл өткеннен кейін республиканың материалдық емес және рухани мәдениетінің ескерткіштері бүкіл әлемде мойындалды.Еліміздің мәдени мұрасының он бір элементі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік тізіміне енгізілген еді.Олардың ішінде Наурыз мейрамы,қазақша күрес, аңшы құстармен аң аулау,Қорқыт мұрасы, киіз үй жасау, қазақ күйлерін орындау, Көкмайса мерекесі бар. Өткен жылы бұл тізімге қазақтың ежелгі тоғызқұмалақ ойыныда енгізілген. Айта кету керек жылда жер дүние жаңарып бусанған көктемде Ұлытау ауданындағы Терісаққан ауылында Көкмайса мерекесі дүркіреп өтеді. Биылғы Көкмайса этнофестивальда " бие байлау",«айғыр қосу» және "қымыз мұрындық" сияқты қазақтың әдет-ғұрыптары көрсетілді. Көкмайса мерекесі шетелдіктерді қазақ халқының тарихы мен дәстүрімен таныстырудың бірден бір мүмкіндігі болып тұр.«Біз ЮНЕСКО -ның басты идеясын — ұрпақтар үшін табиғи -мәдени ескерткіштерді, адамзаттың рухани адамгершілік мұрасын сақтауды шын жүректен бөлісеміз.Біздің бұл сенімділігімізге өлкеміздің көп ғасырлық бай тарихы, Сарыарқаның көп ұлтты мәдениеті үлкен септігін тигізеді. Біз өткенсіз болашақ жоқ екенін түсінеміз. Бұл адал құндылықтары бар бейбіт қоғам құруға көмектеседі»,- деп мәлімдеді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.2020 жылы "Ұлытау" сапар орталығында «ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы » экспозициялық залы құрылды. Бұл Қазақстан бойынша алғаш рет ашылған экспозиция. Сонымен қатар,Ұлытау аудан орталығында "Әулие тау" этноауылының құрылысы жүріп жатыр. Бұл ауылда ЮНЕСКО-ның Бүкіл әлемдік тізіміне енген еліміздің барлық номинацияларын көрсету жлспарланып отыр. Рухани жаңғыру бағдарламасы бағытында ұйымдастырылып, өткізіліп жүрген шаралар қазақ халқының ұлттық болмысын көрсететін,қазаққа тән салт дәстүр мен тамыры тереңге бойлаған ғұрып пен тарихты ұмытпауға әрі оны әлемдік деңгейде танытуға үлкен мүмкіндік берері сөзсіз.