Отырсаң опақ, тұрсаң сопақ: бұл не қылған одақ?

Негізі, Еуразиялық экономикалықодақтың бастамашысы – Астана (бүгінгі Нұр-Сұлтан).
Бұл бейкүнә идеяның өзегінде ТМД кеңістігінде өз алдына жеке шаңырақ құрған республикалардың экономикалық байланыстарын қалыпқа келтіру жатты. Ешқандай саяси астары болмауы тиіс-тұғын. Ниет дұрыседі. Өйткені КСРО шеңгелінен босап, тәуелсіз атанған елдер бұрынғы әскери, саяси-экономикалық һәмрухани-мәдени байланыстарды бырт-бырт үзіп, өз күндерін өздері көрмекші болған-ды. Алайдабойларына желік бітіп, «кемелденген елгеайналамыз» деген игі ойдан ештеңе шықпаған. Тасбақа тірлік, бақа «шабыстың» деңгейінде ғана тірлік кешті. Қысқасы, ортақ өгізден оңаша бұзауды артық көргенімен, бұл дамуға жол ашпады. Мешеулікке әкелді. Кері кетті.Осының бәрін безбенге салған ресми Нұр-Сұлтан ЕАЭО идеясын ұсынды.
Рас, әу баста қолдау таппағанымен, араға жылдар салып оның алғашқы кірпіші, яғни Кедендік одақ дүниеге келіп, соңы Еуразиялық экономикалық одаққа ұласты. Әзірге бес ел (Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстан) мүше. Биыл ЕАЭО-ның құрылғанына алты жыл толады. Одақ мүше елдерге қаншалықты пайдалы болды? Әлбетте, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерді айту қиын. Неге? Бұл экономикалық одақтың бастамашысы Нұр-Сұлтан болғанымен, локомотиві Ресей еді. Ол елдің экономикалық әлеуеті одаққамүше өзге елдерді 10-20 есе орапалатындай қуатты. Сондықтан бірден тізгінді Мәскеу ұстағаны белгілі.
Шартта «бәрі бірдей құқылы» делінгенімен, шын мәнісінде Кремль «аға», қалғандары«інінің» рөлінде болып қалды. Бұл өзгелер тарапынан әлсін-әлсін наразылық тудырып келді. Әлі де солай. Тіпті Путиннің ЕАЭО-ны жандандыруға барынша белсенді болуы көптеген сарапшылардың назарынан тыс қалмады. Олардың тарапынан «Путин ЕАЭО-ны бұрынғы КСРО-ға айналдырғысы келеді» деген болжамдар жасалуда. Бұған Ресей басшысының «КСРО-ны тарату ХХғасырда жасалған үлкен қателік болды» деген сөзі әсер етсе керек. Яғни сарапшылар «бүгін экономикалық қарым-қатынасқа негізделген бұл одақ түбі әскери-саяси одаққа айналуы әбден мүмкін, Кремльдің түпкі ойы осы» дегенді айтады. Алайда бұл жеке тақырып, басқа әңгіме.
Айтқымыз келгені – әзірге экономикалық одақтың аясына жиналған бес елдің көрген пайдасы қайсы, қайсысышөміштен қағылды деген әңгіме. Беларусь жағы Ресейдің одақ аясында жүргізіп отырған әлімжеттігін жиісынайды. Армения мен Қырғызстанның экономика сарапшылары бұл елдердің де одаққа кіргелі көп нәрседен қағылып, жасалғаншарттардың аясында қиындықтарға тап болып, «отырсаң опақ, тұрсаң сопақ» болып жатқанын тілге тиек етуде. Мұндай жағдай біздің де, яғни Қазақстанның да басында бар. Содан болар, алғаш рет Нұр-Сұлтан бірер күн бұрын Еуразиялық экономикалық кеңестің шағынқұрамдағы онлайн отырысында одаққа байланысты өз ойын ашық айтты. «Шығыны көп ЕАЭО шешімдерін кейінгеқалдыруды» ұсынды. Дұрыс, қажет жерінде азу көрсету керек.Қазіргідей қиын жағдайда тиімсіз шешімдерді көтензорлықпен жүзегеасырамын деу «өгізді өлтіріп, арбаны сындырумен» бірдей. Одақтағыәріптес елдердің Нұр-Сұлтан тарапынанайтылған салиқалы ұсынысқа мойынсынғаны дұрыс. Шынымен де қашанғы Мәскеудің ызғарынан, Кремльдің қаһарынан ыға береміз?!.
Сарапшылар пікірі:
Әміржан ҚОСАНОВ, саясаттанушы:
ЕАЭО дамуының жаңа кезеңі келді
Осы одақ о бастан даулы мәселеболатын. Кезінде оппозициядағы әріптестеріммен бірге Қазақстанның Еуразияодағына енуіне қарсы жалпыхалықтық референдум өткізу жөніндегі республикалықжиын ұйымдастырдық. Ол бір ерекше, бүкіл демократтардың басы қосылған кез еді.Бастама қоғамдық өмірге серпін берген-тін. Жұрт бір адамдай қолдады. Өйткенісол одақтың бара-бара саяси сипат алып кететінін ел сол кездің өзінде сезгендейболды. Расында да, солай болып барады, ЕАЭО Кремльдің бірыңғай ықпалында қалғанқұрылымға айналып барады және оның неоимпериялық саясатының экономикалық құралыіспеті.
Сол жиналыстың бір бастамашысыретінде президент Тоқаевтың бүгінгі ЕАЭО басшыларының жиналысындағы сөзін бұлжолы оң қабылдадым. Өйткені президент тарапынан ЕАЭО қабылдағалы тұрғанстратегиялық құжатқа қатысты сын айтылды. Қазақстанның түпкілікті мүддесітұрғысынан бұрын-соңды бола қоймаған, сондықтан тосындау естілген, бірақсонысымен кұлақ пен тәуелсіздікшіл көңілге жаққан пікір айтылды. Және де олойдың мұндай саммит деңгейіне сай сыпайы, дипломатиялық сипаты болғанмен,айтылған сын нақты әрі принципті болғандай көрінді.
Сол себепті бұл сөзді мен ЕАЭОдамуының жаңаша бір кезеңінің бастауы деп танығым келіп тұр. Ол дегеніңіз,басқа президенттерге де жақсы прецедент болса керек. Өйткені ЕАЭО-даҚазақстанның алар орны бір төбе. Иә, бұған дейін Беларусь президенті ЛукашенкоЕАЭО-ға қатысты сын айтып қалып жүрді, бірақ оның тосын тұжырымдары, негізінен,Ресеймен қарым-қатынасына ғана қатысты болатын. Бұл жолы Тоқаев одақтықдеңгейде қордаланып қалған жайттарды айтты. Онысы процедуралық мәні бар нәрсеболып көрінгенімен, түбінде одан да тереңірек ой мен ниет жатқан болса керек.
Сонымен бірге бұл сөзді мен ЕАЭО-ға деген постсоветтіккеңістікте, соның ішінде біздің қоғамда қалыптасқан теріс көзқарастың біркөрінісі деп білемін. Өз сөзінде Тоқаев қоғамдағы осы одаққа деген сынипікірлерді ескеріп, олармен санасу керегін айтты. Дұрыс тенденция.
Енді екі нәрсе жасалуы тиіс. Біріншісі– ЕАЭО-ға қатысты объективті әрі мемлекеттің түпкі мүддесіне негізделгенкөзқарасты айқындайтын осы өркениеттік, жаңаша геосаяси бағыт-бағдарлы трендбіркүндік болып қалмай, өз жалғасын табуы керек. Екіншісі – ел ішіндеұлттық-демократиялық бағытта жұмыс жасап, мемлекет тәуелсіздігі мен ұлттықмүдде идеяларын ашық әрі табанды түрде айтып, қорғап келе жатқан қоғамдықұйымдарға жол ашқан жөн. Олар керек десеңіз, парламентке еніп, ұлттық мүдденіқорғауда халыққа, мемлекетке, қажет кезінде өкіметтің қоғамдық тірегі болуытиіс. Қоғам қолдауынсыз биліктің ешбір бастамасы баянды болмайды. Әйтпесежақсы-ақ басталған оң тенденция сөз жүзінде қалуы мүмкін.
Сонымен бірге ЕАЭО аясында өзелінің мүддесін қызғыштай қорғап, шыжбалаң қаға бастайтын ресейлік (өзішіміздегі проресейлік) БАҚ пен сарапшылар Қазақстан басшылығындағы «одақтықойдың» дәл осылай ойысуына атойлап қарсы шығатыны да белгілі. Оған біздіңидеологтар мен БАҚ, керек десеңіз, біз де, қоғам өкілдері дайын болуымыз керек.
Шыңғыс ЕРГӨБЕК, саясаттанушы:
Прагматизмнің қазақстандық қағидасы
ПрезидентТоқаев жаңа кезеңдегі одақтың басымдықтарына назар аударды. 19 мамырдаЕуразиялық одақ шеңберінде маңызды кезеңнің бастамасын айқындап берді. Кезіндекнязь Трубецкой, Соловьев, Эренжен Хара-Даван сынды ғалымдар негізін қалағанидеялар жаңа кезеңге елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Еуразиялықпрагматизм» қағидасының негізінде қайта сараланып, Еуразиялық одақтың дүниегекелуіне ықпал еткені белгілі. Ал 19 мамыр күні Еуразиялық экономикалық кеңесмүшелерінің кездесуінде президентҚасым-Жомарт Тоқаев прагматизмнің қазақстандық қағидасын, постпандемиялықкезеңін айқындап берді.
ХХ ғасырдың50-60 жылдарында қалыптасқан, Еуропа шеңберінде Кеңестер Одағының саясатынайқындаған Еуропаны «финляндизациялау» ұғымы бар. Бұл ұғымның пайда болуынаықпал еткен Еуропаның солтүстігінде Кеңестер Одағына жақын орналасқан Финляндиямемлекетімен «ерекше қатынастар» орнату ынтасы еді. Өзінің солтүстікшекараларының мызғымастығын қамтамасыз ету мақсатында КСРО Финляндияның еңболмағанда «нейтралды» саясат ұстануына ықпал етуге тырысты, тіпті елдерарасында жеңілдетілген виза беріліп, ынтымақтастық тетіктері қалыптасты. Финкәсіпорындары Кеңестер Одағында белгілі бір жеңілдіктерге ие болды. Ол үшінКеңестер Одағы қыруар қаржы жұмсады. Никита Хрущев пен президент Кекконенніңдостығы арқасында бұл ынтымақтастық тараптардың өзара маңызды стратегиялықбасымдықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
О бастаэкономикалық прагматизм идеясынан туындаған Еуразиялық одақ уақыт өте келе,посткеңестік кеңістіктегі елдерді Ресей тарапынан «финляндизациялаудың»тетіктерінің біріне айналды. Экономикалық прагматизм біртіндеп саяси мазмұнғаие бола бастады. Бұл одақ мүшелеріне алаңдаушылық тудыруы заңдылық. Мәселеэкономикалық интеграцияның кең қанат жаюы тек тараптардың өзара, ортақмүдделерін ескеру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін екенінде жатыр. Мұндағы маңыздымәселе – Ресейдің КСРО тәжірибесіндегі «финляндизацияның» бірінші бөлігін, яғниөз стратегиялық басымдығын негізге ала отырып, екінші бөлігі, яғни экономикалықтиімділікке назар аудармауында. Еуразиялық экономикалық одақ бірінші кезектеэкономикалық сипатқа ие болуы керек. Бұл одаққа қатысушы мемлекеттердің барлығыүшін айқын.
Бүгінгі күнніңөзінде одақ шеңберінде қабылданған «алып тастаулар», «ерекше жағдайлар»,«шектеулер» мен «бөгеттер» экономикалық ынтымақтастық әлеуетін төмендетіпжатқаны белгілі. Президент Тоқаев одақтың реттеу аясын кеңейтудің орнына осымәселелерге жіті назар аударудың қажеттігіне тоқталуы ерекше маңызды.
Соңғы уақыттаРесейдің өзінің «ұлылығын» қалпына келтіру мақсатында жүргізген бірқатар саудасоғыстары интеграциялық бірлестіктерге байланысты бірқатар сауалдар тудырды.Еуропалық одақпен санкциялық соғыстар кезінде Беларусь көкөніс өнімдерінкүдікті «польшалық» деген желеумен Ресей аумағына кіргізбеу, Грузия жәнеМолдова шараптарының Ресейдің «санитарлық талаптарына» сай келмеуіне байланыстышектеулердің енгізілуі, «Боржоми» кейсі осының айқын мысалы. Одақты басқажағынан саралап көрелік, осы өнімдерге Ресей біржақты шешім қабылдауы өзге одақелдеріне қалай ықпал етті? Ең қызығы, өзге одақтастар бұл шектеулерді өзэкономикасына қатысты қолданбады. Бұл қалай? Одақтың бір елінің стандарты өзгеелдердің стандартына сәйкес келмегені ме? Екінші автоматты түрде туындайтынсауал – одақтың бір қатысушысының аумағына енген тауар автоматты түрде өзгеқатысушылар аумағына еркін жеткізілуі керек емес пе? Өйткені бұл елдердіңішінде логика бойынша кедендік бақылау жүргізілмеуі тиіс қой. Онда Қазақстантерриториясына енген «Боржоми» немесе шарап Ресей аумағына неге еркін түрде кіреалмайды? Бұл сауалдардың көпшілігі одақ туралы шарттың шеңберіндегі «азаматтардыңденсаулығын қамтамасыз ету және қорғау мақсатында» енгізілуі мүмкін құқықтықшектеулермен ақталады делік. Жарайды. Бірақ бұл стандарттар айқын емес. Кезкелген өнім қауіпті болып қарастырылуы мүмкін. Бұл мәселеге қатысты қалыптасқансот тәжірибесі де жоқ.
ЕндіЕуразиялық одақтың бүгінгі халін Еуропалық одақпен салыстыратын сарапшылардыңпікіріне тоқталар болсақ, біріншіден, Еуропалық одақ қатысушылары бір-бірінебодан болмаған немесе бодандығы ұзақ уақыт бұрын орын алған, яғни белгіліелдердің гегемон болуға деген ынтасы айқын емес елдердің одағы. Екіншіден,Еуропалық одақ одақтық деңгейге ұзақ уақыт дайындықпен келді. Соның өзіндеқатысушы мемлекеттердің мүддесі кей жағдайда сәйкес келмей жатады. Еуропалықодақтың бүгінгі деңгейіне жету үшін 50 жыл шамасында уақыт керек. Тек ішкішектеулер алынып, ортақ нарық қалыптасып болғаннан кейін одақтың кеңею мәселесіқолға алынды. Үшіншіден, Еуропалық одақ әлемнің бірнеше ең қуатты, деңгейлес экономикалардыңодағы. Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания елдерімен қоса, орташа дамығанелдердің теңдігімен ерекшеленеді. Осының өзінде Ұлыбритания одақтан шығатынынмәлімдеді. Қызығы, терең демократиялық қағидаларға қарамастан, Ұлыбританияныңодақтан шығуы өте күрделі нысанда өтіпжатыр. Бұл да ойланатын жайт. Еуразиялық одақтан шығу механизмдері әлі де айқынкөрініс таппаған. Төртіншіден, Еуропалық одақ ең кішкентай мүшеден бастап, еңірі мемлекетке дейін ортақ мүдделеріне арқа сүйейді. Яғни мүдделердің тоғысқанжерінде шешім қабылданады. Бесіншіден, ең маңызды интеграциялық фактор –экономиканың өзара толықтырылуы мен өзара сауданың даму қарқыны.
Бүгінгі күні Еуропалық одақ елдерінің негізгі саудаәріптестері одақ мүшелері. Ал Еуразиялық одақ қатысушылары көп жағдайдабір-бірімен бәсекелес.
Ал біз осыфакторлар мен көрсеткіштерді Еуразиялық одақ шеңберіне пайдаланар болсақ,интеграциялық процестің кемелденуі үшін ең қажетті алғышарттардың әлі дееңсерілмегенін түсінеміз. Біз саралау барысында өте маңызды жайт – COVID-19-дыескеріп отырғанымыз жоқ. Коронавирус инфекциясының жылдам, қауырт, кең таралуыинтеграциялық үдерістер үшін үлкен қауіп болды. Бұрын-соңды болмағанмемлекеттердің жабылуы, шекаралардың нақтылануы, әлемдік еңбек бөлінісі мен интеграциялыққұндылықтардың төмендеуі мен ортақ мүддеге қарағанда ұлттық мүдденің басымдығынайқындап берді. Бұл Еуразиялық одақты былай қойғанда, тіпті интеграцияныңшыңына жеткен Еуропалық одақтың өзі үшін күрделі мәселе болып отыр. Мемлекеттіңжабылуы деген дәстүрлі экономикалық, өндірістік байланыстардың үзілуінбілдіреді. Әрине, ол уақытша сипатқа ие, бірақ әлемдік нарық үшін күрес ешқашантоластаған емес, бір ел үшін шектеу өзге ел үшін жаңа мүмкіндікке айналуымүмкін. Президенттің айтып отырғаны да осы мәселе.
Осыдан одақта қолданысқа енгізілуі керекбірнеше қағида айқын көрініс тапқандай. Қысқаша тоқталар болсақ, олар: біріншіден,экономикалардың ашылуын өзара ақылдаса отырып шешу керек; екіншіден, одақегемендікті шектемей, қайта өзара тең дәрежелі ынтымақтастыққа жетелеуі тиіс. Мемлекеттікегемендік басты құндылық және бұл талқылауды талап етпейтін аксиома. Одақтыңбасты органы – мемлекет басшыларының кеңесі. Бұл кеңес одақ комиссиясыныңшешімдерін талқыламастан бекітіп отыратын, нотариус қызметімен ғана шектелетінұйым емес. Тараптар мүддесінің арақатынасын саралаудың нәтижесінде оңтайлышешім қабылдайтын құрылым. Үшіншіден, апыл-ғұпыл жүйесіз жоспарға қарағанда,тараптардың мүддесіне арқа сүйей отырып одақтың экономикалық мазмұнын қайтақарау керек. Бар тетіктерді қолданысқа енгізіп, түрлі шектеулер мен бөгеттердіеңсеру арқылы одақты жаңа сапалық деңгейге көтере аламыз. Мемлекет басшысы текҚазақстан емес, одаққа қатысушы мемлекеттердің барлығына еуразиялықпрагматизмнің жаңа бағытын айқындап берді деуге негіз бар.
Күлтегін БЕК,
«Жас Алаш»