Отыз күн қамауда болған оппозиционер Навальный бостандыққа шықты

23.08.2019, 16:00

189

Ресейлік оппозициялық саясаткер әрі Жемқорлықпен күрес қорының жетекшісі Алексей Навальный 23 тамызда таңертең Мәскеудегі әкімшілік сот жазасын өтейтін мекемеден бостандыққа шықты. Бұл туралы бүгін оның баспасөз хатшысы Кира Ярмыш хабарлады.

Бейсенбі күні Мәскеу соты Навальныйдың қамауда отырған кезде астан уланып қалғаннан кейін ауруханада өткізген уақытын қосып, оның жаза мерзімін ұзартуды сұраған мекеме әкімшілігінің өтінішін қанағаттандырмай тастаған.

Кира Ярмыш Twitter-дегі парақшасына Навальныйдың Мәскеудегі жаза өтеу мекемесінен шыққан сәтінен түсірілген фотосуреттерді жариялады.

Кремль саясатын сынайтын саясаткер Алексей Навальный өткен айда Мәскеудегі «рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны» үшін сот шешімімен 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.

28 шілдеде өзін жайсыз сезінген Навальный қамау орнынан ауруханаға жеткізілген. Ресми ақпарат бойынша, оппозиционерге «терісі қабынған» деген диагноз қойылған. Навальныйдың кей жақтастары оппозиционерге дертті "әдейі жұқтырған" болуы мүмкін деп санайды. Ауруханада 19 сағатқа жуық болғаннан кейін Навальныйды қайтадан әкімшілік жаза өтеушілер отырған мекемеге қайтарған.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37