Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:37, 23 Желтоқсан 2022

Оянған қоғам немесе шер тарқату

None
None

     Қоғамның ояну деңгейінің көрсеткішіне Президент сайлауына алғашқы рет қатысқан (сайлана алмайтынын алдын ала білген) 5 үміткердің болуы әсер етті деп ойлаймын.

Сайлауға қатыспағандар, президентке дауыс бермегендер және барлық кандидаттарға қарсы дауыс бергендердің жалпы саны 5,1 млн сайлау құқығы бар еліміз азаматтары. Бұл дерек кімге де болса ой салмай қоймайтыны анық.

Белсенді жастардың «Оян, Қазақстан» деп ұрандап, партия құру арқылы жанайқайына саяси сипат беруге талпынуы құптарлық жәйт. Бірақ та халықтың көбі осы ұғымға мән беріп жатпаған сияқты. Тоқаевқа және басқа қандидаттарға дауыс бергендердің бәрі бірдей менің даусым халық үшін маңызды деген ойда болмағаны сөзсіз.

          Менің айтпағым, «Жаңа әділетті Қазақстан» құруға халықтың белсенділігі қажет.

Алда парламент сайлауы келе жатыр. Сонда халық таңдаған депутаттар сайланса – ол да қоғамның оянғанының айғағы емес пе? Соған байланысты  Орталық сайлау комиссиясына (қабылдауға жазылып қойдым) ұсынысымды білдірейін. Ол жеке округтардағы жеке азаматтардың өзін ұсыну құқығына байланысты.

Біріншіден, үміткерлерді мемлекеттік мекемелердің басшыларының БАҚ құралдары арқылы қолдауға шақыруға тыйым салу. Себебі ол  бағынышты мекемелер қызметкерлеріне жанама нұсқау беру. Мысалы, аудан оқу бөлімінің басшысының пікірі мектеп директорларына, одан әрі мұғалімдерге және басқа қызметкерлерге құлаққағыс деген сөз.

         Екіншіден, облыс, қала, аудан орталықтарында барлық үміткерлердің қатысуымен кездесу өткізуге ұсыныс беру. Ауылдарды өздері араласын.

        Үшіншіден, үміткерлерді бағдарлама дайындауға мәжбүрлемеу. Себебі, бәрінің ойы халықтың көңілінен шығу, яғни бағдарламада ұқсастық болады.     Сонымен қатар, жалған уәделер болуы мүмкін. Ол неге қажет?

        Менің бұл айтқандарым азаматтық позициямды білдіру. Мен 2004 жылы мәжіліс депутаттығына үміткер болып қатысқан едім. Айтқандарым – сол сайлаудан түйген ойларым.

                                                                

Тегтер: