Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:04, 19 Мамыр 2020

Өз өміріңіздің өлшемдері немесе жаңа ғылымға жұрт неге қызықты?

Сандарды сөйлету арқылы даадамның тағдыры туралы көп нәрсе айтуға болады. Тіпті сол арқылы өміріңізгетүзету енгізіп, жақсы бағытқа бет бұруға да мүмкіндік бар.

Алайда бұл үшінсандардың сан түрлі құпиясын жетік меңгеріп алу қажет. Мәселен, «Желтоқсан»қозғалысының президенті, заңгер Құрманғазы Рахметов соңғы кездері алтын уақытынөрнекті өмірге арнап, сандардың сырына үңілу арқылы адам тағдырына арашатүсудің, жақсылыққа жетелеудің жолдарын жетік меңгеріпті. Құрекеңді қызықтырған жаңа ілім – Сюцай жұртты мүлде басқақыры арқылы да таңдай қақтырады. Ал Сюцай халықаралық мектебінің – ХХІ ғасырдыңсандық психологиясы мен философиясы атанған ғылымның негізін қалаушы – ЖанатҚожамжаров.

      Мәскеудетұратын Жанатты әлемнің әр шалғайында лекция оқып жүргенін көрсеңіз еш таңданбаңыз.Өйткені 12 елде жеке мектебінің бөлімшелері бар. Қазір миллиондаған адам жаңабілімнің негізін оқып, үйреніп, өз өмірінде оң өзгеріс жасау үшін барын салуда.Бәрінен қызығы, осы жүйе қазақтың рухани құндылықтарына негізделіпті. ТекЖанаттың келешегі кемел ілімді өз Отанында тарата алмауы жұмбақ болып тұр.

    Ең алдымен Сюцай туралы айтайық. Мұнықазіргі тілмен цифрология немесе өмірлік мақсаттарыңды іске асыруға арналғанертедегі сандық ғылым деуге болады.  Сюцай– жан дүниеңді мазалаған мәселені іске асыру. Мұны жоғарыда айтқан цифрологияныңтап өзі десек қателесеміз. Өзгешеліктері мен салыстыруға  келмейтін тұсы көп. Мысалы, туған күніңіздегісандар – жан дүниеңіздің құпия кілті. Осыны жіктеу арқылы қаржы-қаражатқақатысты мүмкіндігіңізді, өз ортаңызды, қызмет пен бизнестегі жетістіктеріңізді,шығармашылық өсу мен  ішкімүмкіндіктеріңізді, денсаулықты күту, жақсы өмір сүру үшін қандай белсенділікқажеттігін біле аласыз. Әсіресе  мектептүлектерінің өз мамандығын адаспай таңдауына септігін тигізетінін ашық айтқан жөн.  Қоршаған орта және табиғатпен үйлесім табуғакеремет жол ашатын ғылым. Тағы бір айта кетерлік жағдай, адам уһ дептаңғалғанда  мида ерекше құбылыс пайдаболып,  санасы сол мезетте  кеңейіп сала береді екен. Кейінгі кездерітаңғалуды ұмытып бара жатқан ұлтымыз үшін де бұл ғылымның әсері бар екен.

    Сюцайдың бес элементі бар: жан дүние,парасат, ақыл, ой және эмоция. Осы элементтер өзара күшті байланысқан. Әрқайсысыныңбайланысын жүрекпен  түсінсеңіз,өміріңіздегі көптеген түйінді оңай шешесіз. Бір қарағанда сандар қарапайым ғанакөрінеді, маңызы да жоқ секілді. Алайда әрқайсысының артында белгілі бірэнергия тұрады екен. Міне, сол адам өміріне ықпал жасайды, өзгертуге күш салады.Қысқасы, Сюцай ілімі үшін мына нәрселер маңызды:

туған күніңіз;

некеге отырған  күн;

келісімшарттардың нөмірі менбекітілген күні;

телефон нөмірі;

үй және пәтер нөмірі.

–Әр санның астарында құпияжатыр. Ол өмірді өзгертуге қауқарлы. Осыған көз жеткізген шетелдік миллиондағанадам жерлесіміз Жанат Қожамжаров жасаған Сюцай ілімін күндіз-түні оқып жатыр.Ақтауда өткен дәрісіне қатысып, мен де арнайы диплом мен сертификат алдым.Содан ізденіп жүріп көп нәрсеге көз жеткіздім. Адамдар жеке өміріне мән беруарқылы өзгере алады екен, – деген Құрманғазы Рахметов сенімді болу үшінәңгімені менің өміріммен байланысты өрбітті.

     Әрине, менің жеке өмірім кез келген кісініқызықтырмасы анық әрі қажеті де жоқ. Дегенмен мен осы ілімнің дұрыс-бұрыстығынасәл болса да көз жеткізу үшін келістім. Алдымен менің туған күнім мен жылымды сұрапалған Жәкең туған күнімді жақсы сандар қатарына қосып, үнемі алғы шепте жүретіндердіңқатарына қосты. «Түпсанада адамды бөліп тұрады екенсіз. Адаммен сөйлесубарысында оның кемшіліктерін тез байқайсыз. Сізге Күн планетасы бірден-бір әсерететіндіктен, энергияңыз көп. Лидер болуға тырысатындықтан, жеке кабинетіңіз,жеке дүниелеріңіз болғанын қалайсыз. Локомотивсіз, сізсіз пойыз орнынанқозғалмайды. Жаңашылдыққа құмарсыз, шешендігіңіз де бар. Ортада жарқырапжүргенді қалайсыз», – деген Құрекең қызықты мәліметтерді тізбелей жөнелді.

    Бойымда терең ойлауға құмарлық,стратегиялық мақсатпен жұмыс істеуге құштарлық та бар екен. Өзіме өзім қожаболғанды қалаймын. Біреулерге қамқор болғанды ұнатамын. Аяқастынан оңай шешім қабылдап,өзгелер көмек көрсеткісі келсе, оған соншалықты мән бермеймін. Ең жаманы –махаббат деген жоқ. Өзімді өзгерту үшін дағдарыс керек. Ал арақ-шарапқажоламайтыным тіпті жақсы болған. Өйткені менің саныммен сәйкес келетіндермаскүнемдікке тез бейімделетін болып шықты. Ең дәл тапқаны – жалғыздыққабейімделгенім, сатқындықты жек көретінім, біреуден көңілім қалса, қаттықұлазитыным. Жұмысымды шексіз жақсы көретінім де өз алдына әңгіме. Тіптіөмірімді өзгерту үшін қалта телефонымдағы екі нөмірді де ауыстыру қажет бопшықты. Өкінішке қарай, алдыңғысына ширек ғасыр, соңғысына 15 жыл болған нөмірдіжамандыққа қиғың келмейді. Ал Құрекең адамдармен сөйлесу барысында осы нөмірлербүкіл энергиямды алып қоятынын айтады. Сары түсті ұнатады екенмін. Үнемі ашықтүсті киім кигенім абзал. Тіпті қалтамдағы әмияным да күміс түсті болғаны дұрыс.

Құрманғазы: «Биыл сіз үшінкеремет жыл. Шолпан әсер етіп тұр. Не ойласаңыз  да, 100 пайыз орындалады», – деді. Шынымдыайтсам, не ойларымды да білмей отырмын.  Әрине, осы мақсатта жанталаса ұмтылатын қандайда бір қызығушылық жоғын айтқаным жөн шығар. Шүкір, менде бәрі бар, бәріжеткілікті. Баспанам да, көлігім де өзімді қанағаттандырады.

      Бұл ғылым осы ғасырдың психологиясы менфилософиясын қарастырады. Айталық, ақшаны қанша қусаңыз да, жете алмайсыз, албойдағы энергияны түзесеңіз, ақша сізге өзі келеді-мыс. Осындай қызықтысәттерден соң, Құрманғазы  Рахметов Сюцайхалықаралық мектебінің негізін қалаған Жанат туралы да біраз дерек айтты. ОлШығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында дүниеге келген азамат. Батыселдері  мойындаған академик. Бабаларымыздыңбойында болған қасиеттерді ілгерілетуші ғалым.

–Алғаш рет ол туралы Алматыдатұратын Баян апайым айтты. «Сен физика-математиканы жақсы меңгергенсің.Цифрологиямен айналыс. Жанат деген азаматтың лекцияларын тыңда» деді. Содантүрлі лекциялар жіберіп тұрды. Мән бермеген едім. Тыңдасам, адамның табиғаты,түпсана дегенді қазақтың дүниелерімен түсіндіріп жатыр екен. Жылқысы, күймесі,арбакеші, қысқасы, ұлтымызда не бар –  соның барлығы қамтылған.  Мәскеуде рухани даму және инновациялық технологиялар академиясы жанынан Сюцайхалықаралық мектебі деп тіркелген. Кезінде Алматыда жұмыс істеуге мүмкіндікбермеген соң, Мәскеуге кетіп, қазір бүкіл ресейліктерді мойындатып отыр. Ем-домыда ерекше, пайдалы. Кәдімгі қызыл шоқты басып, қып-қызыл темірді тілімен жалап,адам тамырларының өзегін ашады.

      Қазір карантин бәріміздің қолымыздыбайлап қойды. Амандық болса, өз білімімнің жемісін көрсетемін. Өйткені қазақтардыңдені көмекке, тұрмысын түзеуге зәру. Осындай қиын сәтте халыққа жәрдем беріп,жол сілтеп, нақты көмек көрсеткім келеді. Адамдар ойлау жүйесін, санасынөзгерту арқылы табысқа жете алатыны шындық. Қазақтың «отызында орда бұзбағанқырқында қамал ала алмайды», «сегіз қырлы, бір сырлы» деуінің арғы жағында құпияжатыр. Сандарға сүйене отырып сол құпияны ашып берсем, адамдардың ой-өрісіөзгереді, мақсатын түсінеді,  тұрмысынтүзеуге бет алады, – дейді ол.

   Қазақтың рухын көтеретін жалғыз жол – Сюцайілімі болатын сыңайлы. Өкініштісі  сол –қазір ұлттық рух жоғалып барады. Соның салдарынан дінге де, тілге де, жерге де,руға да, рухқа да бөліну бар. Өзінің қазақ екенін жасыратын, ана тіліндесөйлеуге арланатын, ұлттық құндылықтарын қорлайтын, қарындасы мен қызынақастандық жасайтын, ата-анасын аяламайтын, әйел алуда алдына жан салмайтынарсыздық пен алаяқтық көбейді. Міне, осының барлығы  адам бойындағы бес қасиеттің қадірі кетебастағанын көрсетеді. Сюцай ілімі – адамның жанын, өресін,  ақылын, тәнін, ойлауы мен эмоциясын қалыпқакелтіретін жүйе. Біз осыны реттеп алсақ, ұлтымыздың ұлы ойшылдары айтқанданалықтарды қайта қалпына келтіріп, өзімізді озық ойлы ұлт ретінде сезінетінболамыз.

     Кейіпкеріміз Құрманғазы Рахметовтің айтқанпікірін біреу құптар, біреу құптамас. Бірақ біз үшін қалай дегенде де, ұлттыққұндылықтарды қайта қалпына келтіру үшін жанталаса жұмыс істейтін уақыт келді.Ұлттық психология мен педагогиканы да менсінбейтін, қазақ деген қасиетті сөздіжете сезіне бермейтін ұрпақты жолға салуда сюцай ілімі көмектесіп жатса, оғанқуанбастан басқа амал жоқ.

   Құрметті оқырман! Біз Құрманғазы Рахметовпенбайланысымызды алдағы уақытта да жалғастырамыз. Сіз ел алдында жүргеназаматтардың өмірінен қызықты деректер білгіңіз келсе, хабарласыңыз. Олардыңқандай адам, не қызықтыратынын, болашағы төңірегінде болжамдар береаламыз.  Сонымен, кім туралы білгіңізкеледі?

     Сұрақтарыңызды joldas216@mail.ru электронды поштасына жолдаңыздар.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ,

«Жас Алаш»

Тегтер: