Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:22, 30 Қаңтар 2026

«Өз орнын білуі керек»: ресейлік саясаттанушы Орталық Азияға қатысты даулы мәлімдеме жасады

1
Фото: из открытых источников

«Вечер с Владимиром Соловьевым» бағдарламасында студияға шақырылған ресейлік саясаттанушы Сергей Михеев посткеңестік мемлекеттердің сыртқы саясатын сынға алып, олардың Мәскеумен тең құқылы әрі дербес қарым-қатынас орнату құқығына күмән келтіретін пікір айтты.

Оның сөзінше, Ресей көптеген жылдар бойы көршілес республикаларға көмектесіп келген, алайда бұл елдер, Михеевтің пайымдауынша, соның салдарынан «еркелеп кеткен». Ол посткеңестік мемлекеттермен қарым-қатынасты басқа форматта құру қажет екенін алға тартты.

«Ресей бәріне қарыз, ал Ресейге ешкім қарыз емес деген жағдай – тығырық. Иә, бұл посткеңестік елдерге бізді түрлі жобалармен үнемі бопсалауға мүмкіндік береді. Біз олардың еңбек миграциясынан бастап, түрлі көмектеріне дейін көптеген мәселесін шешіп отырмыз. Бірақ соған қарамастан, біз әрдайым қарыздар тарап болып көрінеміз. Меніңше, ренжімеңіздер, Украинамен қазіргі жағдайдың қалыптасуына да осындай риторика себеп болды», – деді Михеев.

Осыдан кейін пікірталасқа бағдарламаның жүргізушісі Владимир Соловьев қосылды. Ол бұған дейін өзі бұдан да қатаң мәлімдемелер жасағанын, соның салдарынан «жүйкесі жұқарған адамдар тіпті елшілерді шақыртқанын» еске салды.

Михеев Соловьевтен олардың неге «сонша ашуланатынын» түсінетін-түсінбейтінін сұрады. Соловьев мұның себебі – «олар біздің дұрыс екенімізді біледі» деп жауап беріп, күліп жіберді.

«Бұл – бірінші себеп. Екіншісі де бар: біз оларды тым еркелетіп алдық. Біз оларды еркелеттік», – деді Михеев. Ол сондай-ақ аймақ елдері, оның пікірінше, «өз орнын білуі тиіс» екенін және Мәскеу «онсыз да олардың көптеген мәселесін шешіп отырғанын» айтты.

Тегтер: