Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:58, 06 Тамыз 2020

Өзбек қазақтан оза ма?

                                    

Қазақстан мен Өзбекстанды салыстыру – екі ел тәуелсіздікалғалы бері баспасөзде жиі көтерілетін, қызу талқыланып, жақсы оқылатынтақырыптардың бірі.

Қазіргі қазақ пен өзбек қоғамының рухани өмірін, дінсалаларын салыстырмай-ақ, экономикалық дамуы тұсынан алғанда қызықты  деректерді келтіруге болады. Орталық Азиядакім көшбасшы болады деген саяси маңызы зор сауал да екі елдің экономикалықахуалынан туындайтыны шындық.

     Сонымен, халқының саны бізден екі есегекөп болғанына қарамастан, Өзбекстанның ішкі жалпы өнімі Қазақстандыкінен шамамен2,5 есеге қалып келеді, ал жан басына шаққандағы ішкі өнімді санасақ,Өзбекстанның тіпті қатты артта қалғанын байқаймыз. Бұл екі мемлекеттің нақтыдаму деңгейін ашып, ажыратып беретін айтарлықтай нық көрсеткіш. Адам саныжағынан Өзбекстаннан кәдімгідей қалыс қалатын қазақтар өндіріс деңгейі жағынанала шапанды көршілерінен алда келеді.      Қазір әлемді коронавирус пандемиясыәкелген жаңа экономикалық дағдарыстың жалыны шарпыды. Ал одан кейінгі әлемқалай болады? Қазақ өзбектен озуын жалғастыра бермек пе, әлде өзбек дүрсілкініп, экономикасы қуатты заманауи мемлекетке айналатын, сапалы өсім менмүмкіндіктер таба ала ма? «Орталық Азияның көшбасшысы» деген атаққа таласжолында Өзбекстан оза ала ма, әлде бұл аймақтың көшбасшысы болып Қазақстан қалабере ме?      Тоқсаныншы жылдары Қазақстан да,Өзбекстан да үлкен құрылымдық қиындықтарға душар болды. Екі ел де бірдейкеңестік өндірістің бәрін сақтай алмаса да, жер қойнауымен байланысты еңнегізгі өндіріс салалары құрдымға кеткен жоқ. Өзбекстанның бір артықшылығы – елшикізат өндірісінің бірқатар көрсеткіштері бойынша аймақта ғана емес, әлембойынша көшбасшылардың бірі. Әсіресе мақта өсіру, газ, уран, алтын өндірісісияқты көрсеткіштер бойынша Өзбекстан әлемде 4-14 орындарда келеді.Өзбекстан, әсіресе, автокөлік өндірісі жағынан озды: елде шағын жеңілавтокөліктен бастап, шағын жүк көліктері мен автобустар, ауыл шаруашылығыныңтүрлі техникасының өндірісі жақсы ұйымдастырылды. Ең бастысы, бұл өндірістерКеңес Одағынан қалған мұра емес, автотехника шығаратын қазіргі зауыт-фабрикалардені осыдан 10-20 жыл бұрын Германия, Оңтүстік Корея және Түркия сияқты мемлекеттердіңкөмегімен бой көтерген-ді.     Өзбекстанның батысындағы шөлді жәнехалық аз қоныстанған бөлігін есепке алсақ, елдің территориялық аумағы Қазақстанғақарағанда әлдеқайда шағын, автокөлік жолдары мен теміржол қатынасы жақсыдамыған. Ал қалған салаларды салыстырмалы түрде алсақ, көрші мемлекет үкіметішағын аумақтағы халықтың тығыздығы, айналып келгенде, жұмыс қолына дегенсұранысты арттырып, жергілікті жұмыс күшін ел экономикасында белсенді пайдалануда.     Рас, алпауыт КСРО күйреп, 15республика тәуелсіз ел болып тарқасқанда Өзбекстанның да Қазақстан сияқты бұлжағдайдан тәуелсіздікті айтпағанда, тапқан пайдасынан бұрын, айырылғаны көпболды – елден түрлі саланың небір мықты мамандары көшіп кетті, білім берудеңгейі күрт төмендеді. Әйтсе де осы аймақтағы өзге мемлекеттерге қарағандаорыстардың ең ірі шоғыры Орталық Азиядағы көшбасшылықтан дәмеленуге лайық дегенҚазақстаннан кейін осы Өзбекстанда тұрақтап қалды. Орыстың шоғырына осы екіелден үдере көшіп кетпеген орыстілді татарлар мен кәрістерді де қосуға әбденболады. Татар мен кәрістің балалары жергілікті өзбектен қалыспай, жоғары білімалуға құмар және бұл істе өзбектің өзінен зерек оқиды, осылайша олар да қазірмемлекетке қажетті білікті кадрлар тапшылығын жоюға қолдан келгенше үлесінқосып келеді.       Өзбекстанның экономикалық дамуынаауыр тұсау салып отырған негізгі қиындық – жеңұшынан жалғасқан жемқорлық. Оданқалды, ат төбеліндей таңдаулы, тым шектеулі адамдардың қолында әділетсізшоғырланған, әділетсіз экономика, жабық ішкі нарық (өзбек билігі өз нарығынасырттан кім көрінгенді кіргізе бермейді). Бірақ, шыны керек, соңғы проблеманықоспағанда, қалғандары Қазақстанда да жетіп-артылады.      Егерәки, дәл қазір Өзбекстан осы біртұсаулар мен шектеулерін шешіп, қазақстандық немесе ресейлік экономиканыңжүйесіне ұқсас бір экономикалық жүйе құрса елдің ішкі жалпы өнімі алдағы 5-10жылда еселеп көтерілетіні рас. Ресейдің 2000 жылдардың басында тым қарқындыдамығаны бұған дәлел. Бұл арада да осыған ұқсас жағдай болады, жетістікке қолжеткізудің жолы қиын емес – құрылымдық реформаларды аяғына дейін жеткізе салсаболғаны.      Сонымен, жұмысты жақсы істеп,баланы көптеп туатын өзбектерге енді өзінің туған мемлекетін дамыту үшінсоншалықты қатты тыраштанудың аса қажеті қалмай тұр – қазіргі қолында тұрғанмүмкіндіктерінің өзі Қазақстаннан озып, Өзбекстанды Орталық Азияныңкөшбасшысына айналдыра алады. Өзбекстан жуық арада Оңтүстік Кореядай болаалмас, бірақ Орталық Азия аймағында жоғары көрсеткіштерімен қаймана көршісінтаңдай қақтыра алатын мықты бәсекелеске айналуы әбден мүмкін.

                                                                        Әділ АҚЫЛБАЙТЕГІ

Тегтер: