Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:41

Өзбекстан Қытай мен АҚШ көз тігіп отырған қазақстандық вольфрамды сатып алмақ

1
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстан Үкіметіне қарасты Технологиялық металдар комбинаты (ТМК) Қазақстанда өндірілетін вольфрам концентратын сатып алуға ниет білдірді.

Қазір бұл стратегиялық металл Алматы облысындағы Боғұты кен орнында өндіріледі. Кен орнын қытайлық Jiaxin International Resources компаниясы басқаратын «Жетісу Вольфрамы» игеріп отыр. Боғұты – әлемдегі ең ірі төрт вольфрам кені қатарына кіреді. Мұнда жыл сайын шамамен 10 мың тонна концентрат өндіріледі.

Қазақстанда сонымен қатар Ақсоран, Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты секілді басқа да перспективалы кен орындары бар. Соңғы екеуін АҚШ-тың Cove Capital және «Тау-Кен Самұрық» 1,1 млрд долларлық жоба аясында бірлесе игеруді жоспарлап отыр.

Қазір әлемдік вольфрам өндірісінің 80%-ын Қытай бақылап отыр. Өзбекстан да бұл нарықта аймақтық ойыншы болуды мақсат еткен. Елде 2027 жылы Самарқандта жаңа зауыт іске қосылған соң, жылына 5 мың тонна, ал 2030 жылға қарай 15 мың тонна оксид өндіру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде Өзбекстанның Қазақстаннан шикізат сатып алу сұранысын арттырады.