Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:47, 02 Қыркүйек 2025

Өзбекстан шекарашылары екі қырғызстандықты атып өлтірді

шекара
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстан шекарашылары екі қырғызстандықты атып өлтірді

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 25 тамызда құқық қорғау органдарына екі қырғыз азаматының – Чатқал ауданындағы Айғыр-Жал ауылының тұрғындарының жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

28 тамызда жұмыс кездесуі аясында өзбек тарапының шекара өкілдері 15 тамызда Өзбекстан аумағында Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан шекаралары түйіскен аумақта өзбек шекара наряды екі белгісіз азаматты тапқанын хабарлады.

Өзбек тарапының айтуынша, талаптар орындалмағандықтан оларды ұстау әрекеті кезінде шекарашылар қару қолданған. Салдарынан екі азамат та оқ жарақатын алған.

31 тамызда жоғалған қырғызстандықтардың туыстары Өзбекстанға кетіп, марқұмның жеке басын растады.

Қырғызстанның екі азаматының мәйіті 1 қыркүйекте «Баймак» бекеті арқылы қырғыз тарапына өткізіліп, Кербен қаласындағы мәйітханаға сараптамаға жеткізілді.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекара ведомстволарының басшылары 2 қыркүйектен бастап жергілікті жерде бірлескен тергеу жүргізуге келісті.

Сонымен қатар, Өзбекстан тарапы қайтыс болған азаматтардың табылған мүлкін – үш жылқы мен шатырды Қырғызстанға беруге дайын екенін білдірді.

"Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі болған оқиғаға байланысты алаңдаушылық білдіреді. Біздің азаматтардың өлімінің мән-жайы бойынша жан-жақты тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері жұртшылыққа жеткізіледі", - деп атап өтті Шекара қызметі.

Тегтер: