Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:20, 28 Тамыз 2025

Өзбекстанда дін қызметкерлерінің әйелдеріне хиджаб орнына ұлттық орамал тағу міндеттелді

Хиджаб
Фото: ашық дереккөз

Ферғана облысы, Наманған қаласында имамдар мен олардың орынбасарларының әйелдері жиналысқа шақырылып, хиджабтың орнына жергілікті дәстүрге сай орамал тағу міндеттелді.

 Егер талап орындалмаса, күйеулері қызметінен босатылатыны ескертілген. Бұл жайында “Озодлик” радиосы хабарлады.

Жиналыста жергілікті билік өкілдері «елде бет-жүзді жапқан киімге тыйым салынғанын» түсіндірген. Ресми түрде заң хиджабқа шектеу қоймайды, алайда Наманғанда әйелдерге «Құранда хиджаб тағу міндет емес» деген уәж айтылған.

Куәгерлердің айтуынша, кейбір имамдардың әйелдері күйеулері жұмыстан айырылып қалмас үшін жиналыстан шыққан бойда хиджабын шешіп, орамалды артқа байлаған. Сарапшылардың пікірінше, билік алдымен дін қызметкерлерінің әйелдерін үлгі қылып, кейін қарапайым халықты да хиджабтан бас тартуға итермелеуі мүмкін.

Халықаралық құқық нормалары діни киім кию еркіндігін қамтамасыз етеді. Алайда Өзбекстанда діни шектеулер әлі де жалғасып отырғаны айтылады.

Тегтер: