Өзбектер балаларының өртеніп кеткеніне сенбейді

03.09.2018, 21:35

225

«Олар өлген жоқ, тірі!». Осы жылдың 18-қаңтарында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы аумағында 52 өзбек азаматы автобуста тірілей жанып кеткен болатын. Алайда, марқұмның туыстары жақындарының тілсіз жаудың құрбанына айналғанына әлі сенетін емес. Тіпті, қаза болғандарды біреулер күштеп ұстап отыр ма деген күдіктері де басым. Мұны Ақтөбеде өтіп жатқан сот отрысына қатысуға келген Өзбекстан азаматтары айтты.«Олардың өліміне жауапты адамдар жауап берсе екен дейміз. Өрттен өлді дегенге сенбей отырмыз. Мысалы, 18-қаңтарда, сағат он бір жарымдардың шамасында болды дейді. Ал одан кейін ұялы телефондарына хабарласқанда, қоңырау барып тұрды. Табытты беті жабық күйінде әкелді бізге, солай жерледік»,- дейді Бохтиор АРИПОВ.Бахтиордың автобуста оның 19 жасар ұлы болыпты. Ал Юлдузжон ҒАНИЕВА ұлы Адхамжон МАРУФЖОНОВ  пен немересі Авазбек МАРУФЖОНОВТАН көз жазып қалған. Екеуі де Ресейге жұмыс іздеп барғандарын айтады. Кейуана да қос бірдей құлынынан айрылғанына әлі сенбейді. Ол сот отырысы басталмай тұрып судьядан жай-жапсарды түсіндіріп, қажет жерде құқықтық кеңес беріп отыру үшін елшіліктен өкіл алдыртуды сұрады. Сотқа қатысуға келген 11 адам бірауыздан қазақ тілін түсінбейтіндіктерін алға тартып, аудармашы қажеттігін айтты. Кейін судья бұл өтініштерін орындады.«Мына жерде айтылған нәрсені түк түсінбедік, мүмкін болса, аудармашы берсеңіздер. Осы жерге қиналып, әрең жеттік. Ойымыз сан-саққа кетті, біздің жүрегіміз балаларымыздың өлгеніне сенбейді, олар тірі! Өлі болса, неге телефондарына қоңырау барып тұр? Біз бұл жерге қорғаушысыз келдік. Біздің қорғаушымыз- Алла!»,- деді Юлдузжон Ғаниева.Естеріңізге салсақ, биыл 18 қаңтарда Ырғыз ауданына жақын маңдағы тас жолда жолаушылар мінген автобустан өрт шыққан еді. Көлік түгі қалмай жанып кетіп, 52 адам қаза тапты. Олардың барлығы Ресейге жұмысқа бара жатқан Өзбекстан азаматтары екен. Кейін автобустағы өрттің жылыту шамынан шыққандығы белгілі болды. Салондағылар жанармай қатып қалған соң, жылыну үшін автобустың ішінде жылыту шамын жаққан.Фотолар автордікі.МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00