Өзгелер кедей-кепшігіне 1000 доллар төлеуде

ал қазақтар 20 мың теңгені талғажау етіп отыр
Италия үкіметі 2020 жылдыңкүзінен бастап тұрмысы төмен отбасыларға кедейшілік шегі ретінде берілетінжәрдемақыны 780 евроға көтеретіндіктерін мәлім етті.
Аталмыш ел үкіметімүшелерінің айтуынша, Оңтүстік Италияда жұмыс табудың қиындығы, әлеуметтік жағдайдыңтұрақсыздығы елдегі кедей тұрғындарға үлкен салмақ салуда. Осыған орай, Италиябилігі тұрмысы төмен халқына жәрдемақыны үстемелетіп, көмек беруді жөн көріпті.
Әрине, Қазақстанға Италиядай болу қайда?!Біз экономикалық дамутұрғысынан да, әлеуметтік қалыптасу жағынан да өзімізді дамып кеткен елдерменсалыстыра алмаймыз. Біздің елде кедейшілік шегі ретінде берілетін әлеуметтіккөмектің құны – 20 789теңге (!). Бұл елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызын құрайды.
Сала мамандарының байыптауынша, біздегі кедей-кепшікке бөлінетінқаржыны өзге елдермен салыстыруға келмейді. «Барометр» маркетингтік талдауорталығының әлеуметтанушы маманы Әзия Жарманованың айтуынша, дамыған жәнедамушы елдерде әлеуметтік төлем өте жоғары деңгейде төленеді. Маманныңпайымынша, қазір әлем бойынша экономикалық жағдайы тұрақсыз деп саналатын Грекиямен Ирландияның өзі тұрмысы өте төмен адамдарға 1100-1500 доллар көлеміндеқаржы төлейді. Сол тәрізді тұс-тұстан санкцияға ілініп, халықаралықагенттіктердің өзі «экономикасы қоқысқа әбден малтықты» деп бағалаған Ресейде кедей-кепшіктеріне 300 доллар көлемінде жәрдемақы ұсынып отыр. Италия780 евро төлесе, Испания, Беларусь елдерінің де жәрдемақысы осы шамалас.Ал Қазақстан 20 мың теңге төлейді.
– Қазақстанда тіркеуде тұрған 504 мың адамбар. Әрқайсысына 20 мың теңгеден төлеу «бюджетке салмақ түсіреді» депойламаймын. Бірақ мұндай қаражатпен бір ай емес, бір апта ғана өмір сүругеболады. Қазіргідей қымбатшылық қос өкпеден қысып тұрған заманда үкімет осымәселені шешуі тиіс деп ойлаймын. Бұл кезек күттірмейтін күрделі мәселе, – дедіәлеуметтанушы Әзия Жарманова.
Расымен де, маман мысал етіп отырғанелдердегі тұрмысы төмен адамдарға төленетін қаражат көлемін Қазақстанменсалыстыруға келмейді. Бұл арада әлеуметтанушы Әзия Жарманова тіркеуде тұрғанкедей-кепшіктің 66 пайызы ауыл тұрғындары екені де ескерілуі керек екенін айтыпотыр. Ауылдық жерде жұмыссыздықтың өршіп тұрғанын алға тартқан маман «үкіметауыл тұрғындарының қиыншылықтарын ескере отырып, оларға бөлек жәрдемақы базасынқалыптастыруы керек» дейді.
– Ауылдық жерде жәрдемақыға қарап отырмай,жұмыс істейін десе, жұмыс жоқ. Ауылдың өндірістік қабілеті дамымағандықтан,халық осы жәрдемақыға телміруге мәжбүр. «2019 жылы инфляция көлемі 9 пайыздықұрады» деп Ұлттық банк айтты. Биыл қымбатшылық тіптен өршіп кетті. Оның үстіне қалалық жерге қарағанда ауылтұрғындарының тұрмыстық деңгейі төмен. Жәрдемақы төлеу кезінде ауылдыңәлеуметтік жағдайы ескерілуі керек. Отын-суы, жемшөбі бар. Көмірдің бағасы да аспандап тұр. Осының барлығы ескеріліп,ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек түрін бөлек жасау керек. Негізінде, бірқатар елдерде тұрмысы төмен жандарғабірнеше мәрте көмектер беріледі. Мысалы, бізде тұрмысы төмен адамдар жұмысістемей зейнетке шықса, олардың алатын зейнетақысы да өте төмен болады. Ал өзімоқып білім алған шет мемлекеттерде олай емес. Дамыған және дамушы елдердіңбіразы қартайған шақта да тұрмысы төмен отбасыларды қамсыз қалдырмайды, – деді Әзия Жарманова.
Жалпы, Еуропа елдерін қойып, ТМД елдері бойынша айтар болсақ, Ресей,Өзбекстан мен Әзірбайжанда тұрмысы төмен жандарға төленетін әлеуметтік көмеккөлемі 300 долларды құрайды. Грузия, Беларусь пен Түрікменстанда бұл көмек үшінмемлекет 272 доллар төлейді. Сондай-ақ аталмыш елдерде кедей-кепшікті жұмысқаорналастыру, балаларын балабақшаға орнықтыру жағы да мемлекет бақылауында.
Экономика ғылымының кандидаты МаралТөртенованың айтуынша, 2025 жылға қарай Қазақстандағы кедейлер саны 504мыңнан да асады. Себебіқазір экономикалық тұрақсыздық тереңдеп барады.
– Әлемдік экономикада қалыптасып отырған тенденциялар бізге әсер етпейқоймайды. Келер жылы дағдарыстың салқынын анық сезінетін боламыз. Қазірдіңөзінде доллар+теңге қарым-қатынасында валюта бағамына қатысты тұрақсыздық орыналып отыр. Теңгенің әлсіреуіне қатысты халықтың жинақтаған қаржысы құнсызданыпжатыр. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржыны да инфляция жеп қойды.Қымбатшылық қысып жатқанмен, жалақы өсіп жатқаны шамалы. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанхалқы қазірдің өзінде 30 пайызға кедейленді. Мұны мойындағысы келмейтіндер дебар. 2025 жылға дейін кедейлік шегі әрі қарай өсетіні даусыз. Сондықтан бұларада үкіметке 20мың теңгені бір адам бір айға жеткізе алмайтынын мойындауға тура келеді. Халыққалаулылары осы мәселелерді парламентте жиі көтерсе деймін. Халық қазіртамақтан үнемдеп отыр. Болашақта сауатты шешімдер қабылдануы тиіс депесептеймін. 0л үшін халықты жұмыспен қамтитын «Өңірлік даму», «Жұмыспен қамту»деген бағдарламалар қайта қолға алынып (қазір бұл бағдарламалар аяқсыз қалды),жұмыссыздық көрсеткішін азайтуға жұмыла кіріскен жөн, – дейдіМарал Төртенова.
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ