Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
22:37, 14 Наурыз 2023

Өзгерістер үшін бірігіп, болашақ үшін батыл қадам жасайық!

None
None

Биылғы сайлауда ел азаматтарының белсенділігі ерекше байқалуда. Өз бағдарламаларын ұсынып, халықтың көкейінде жүрген мәселелерді шешуге ұмтылған іскер азаматтардың талпынысынан ел дамуына, мемлекеттің өзгерісіне деген ұмтылыстарын анық байқаймыз.

Әсіресе мақсаты айқын, сөзі нық азаматтар көңіл қуантады. Солардың бірі – Асабаев Махамбет Қайыпназарұлы. №6 сайлау округі бойынша Алматы қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат болып отырған Махамбет Қайыпназарұлы: «Елді толғандырып жүрген өзекті мәселелердің барлығын түсініп, көріп жүрмін. Сол себепті Қазақстанның азаматы ретінде өмір сапасының жақсаруына елім үшін, өзімнің тұрып жатқан қалам үшін өз үлесімді қосқым келеді, жеке брендімді қалыптастырып, аудан халқының көкейінде жүрген ұсыныс-тілектеріне, талаптарына құлақ асып, өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысып, бар күш-жігерімді қоғамдық қызметке арнағым келеді», – дейді.

Осыған дейін де жеке кәсібін дөңгелетіп, «MaxMedGlobal» компаниясының негізін қалаған азамат қарапайым отбасынан шыққан. Әрбір жетістігіне үздіксіз еңбек етіп, біліктілігі мен білімінің арқасында жеткен азамат ендігі жерде сол қарым-қабілетін елін көркейтуге жұмсағысы келеді. Алмалы ауданының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі саяси кеңесінің мүшесі бола жүріп, Алмалы ауданының білім беру саласындағы әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға, әлеуметтік саланы қолдауға белсене қатысып жүрген ол жалпылама сөз, құрғақ уәдеден гөрі нақты істерімен көзге түсіп, әрекетімен үлгі болуды қалайтынын байқатып отыр. Мәселен, Алмалы ауданына қарасты №15 гимназияның қамқоршылық кеңесінің төрағасы ретінде осы мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландыру мәселесін шешуге атсалысып, құрылыс барысын қадағалауда. Аталмыш нысанды осы көктемнің аяғында тапсыру жоспарланып отырғанын ескерсек, үміткердің әр істің тез, әрі сапалы бітуіне мүдделі екенін аңғарамыз. Бұл – сөзден іске көшетін азаматтың көп ісінің бірі ғана. Демек сайлау алдында ұсынып отырған бағдарламасында да сондай іскерлігін байқатары анық.

          Шыны керек, бүгінде кәсіппен айналысқысы келіп жүрген халық көп. Алайда көзін таба алмайды. Осы орайда Махамбет Қайыпназарұлының негізгі бағытының бірі – кәсіпкерлікті дамыту болып отыр. «Мен кәсіпкер болғандықтан, менің басты міндетім – ел экономикасының өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қосу. Мен «KZ-Қазақстанда жасалған» брендімен жұмысшыларға арналған қолғап жасайтын цехын іске қосқан тұңғыш қазақстандық кәсіпкер болдым. Бұл отандық өнім әлі күнге дейін сұранысқа ие. Кәсіпкерлікті дамыту – біздей кәсіпкерлердің басты міндеті. Әсіресе буыны қатайып, кәсіпке жаңадан қадам басып келе жатқан жас кәсіпкерлерге біздің тарапымыздан үлкен қолдау керек. Қазіргі жастар – өте креативті, ізденімпаз, еңбекқор. Сондықтан мен іскер жастарға бағыт-бағдар беріп, олардың кәсіпті дамытуларына жол ашып, кәсіпкерлік белсенділікті арттырып, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы оларға қолдау көрсетіп, шағын және орта бизнестің дамуы үшін жағымды жағдайларды қалыптастырып, қосымша жұмыс орындарын құруға көмектесетін инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға көмектесемін», – дейді іскер азамат. Мұндай ұсыныстың халық көңілінен де шығары анық! Сондай-ақ ғылыми жобалардың қаржыландырылып, жүзеге аспауы да Махамбет Қайыпназарұлын алаңдатып отырған көрінеді. «Ғылымнан-бизнеске» жобасын жасап, жастарға қолдау көрсетемін. Мен Тараз Мемлекеттік университетінде оқып жүргенде дәл осы коммерциализациялау жобасын бастаған болатынмын. Ғылыми жетекшіммен бірге сафлор майын тазарту өндірісін қолға алып, соны қағаз жүзінде ғана қалдырмай, оны тәжірибеде қолданып, ғылыми жұмысымызды табыс көзіне айналдырдық. Міне, сондықтан мен осындай жобаны ғылыммен айналысып жүрген жас ғалымдарға ұсынатын боламын. Олардың ашқан жаңалықтарынан бизнес жобаларын құрып, білімді жас ғалымдардың өз кәсібін ашуға қолдау көрсетемін. Елімізге білімді ұрпақ ауадай қажет. Өйткені Қазақстанның болашағы – білімді жас ұрпақтың қолында», – дейді өз сөзінде. Шыны керек, бұл талай жылдан бері айтылып келе жатса да, күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі болатын. Сондықтан Махамбет мырза қолға алса, ғылым саласының дамуына тың серпін болар еді.

Еліміздегі жастарды жұмыспен қамтуға да баса назар аударып отырған кәсіпкер «Бүгінгі қоғамның негізгі тірегі – жастар. Сол үшін ертеңі мен болашағына үлкен үміт артылған жас буынның жағдайы менің назарымнан ешқашан да тыс қалмайды» дей келе балалардың да, әсіресе мектепке дейінгі тәрбие жұмысы мен мектеп жасындағы балалардың жағдайын басты назарда ұстаймын. Балабақша мен мектеп балаларын автобуспен қамтамасыз ету мәселесін қолға аламын», – деп өз ұстанымын танытып отыр.

          Еліміздің денсаулық сақтау саласына қатысты да «Менің компаниям ауруханалар мен емханаларға, медициналық орталықтарға түрлі медициналық құрал-жабдықтар мен жиһаздар жасап, оларды жеткізу жұмысымен де айналысады. Сол себепті мен медициналық мекемелерде көп боламын. Олардың жағдайын көріп те жүрмін. Сондықтан халыққа барынша медициналық көмек көрсету мақсатында денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін бюджеттік қолдау көрсетуге атсалысамын. Өйткені ұлт денсаулығы – ұлт байлығы» дейді. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік қорғалуы мен көпбалалы отбасыларға көмек көрсету, инфрақұрылымды жақсартуды да өзіне міндеттеп отыр. Кандидаттың бұл ойы көңіл қуантады. Жалпы Махамбет Қайыпназарұлының бағдарламасына қарап, ел ішіндегі өзекті мәселелерді жақсы білетінін және оларды шешуге жол табатынын нақты байқадық. Демек жоғарыда айтып өткен өзекті мәселелер мазалап жүрген халық осы саланың мәселесін жақсы білетін, қолынан іс келетін азаматты таңдары анық! Елмен бірлесе отырып, менмұндалаған мақсаттарға халықпен бірге қол жеткізіп, бірге қадам басуға шақырған азаматтың – сөзі мен ісіне біз де сендік! Ендеше, ел ағасына дауыс беріп, сенім артайық!

Тегтер: