Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:45, 15 Шілде 2022

«Өзімдікі дегенде...»

None
None

Негізі, қазекем: «Өзімдікі дегенде, өгіз қара күшім бар, кісінікі дегенде, анау-мынау ісім бар», деуші еді.

Айтпақшы, «Кері кеткеннің иті кері оттайдыны» да айтқан осы қазақ емес пе? Қазіргі мақаламызға осы екінші тәмсіл тура келетін сияқты.

Балтаберген Мусиев деген азамат өзінің фейзбук парақшасында: Теңіз кенішінде жұмыс жасаймын, соның ішінде ТШО техника жөндеу базасында дәнекерлеу жұмыстарының маманымын. Қарапайым адаммын, сондықтан көзбен көргенді жазайын, менің бір түсінбейтінім осы алыс жақын шетел, соның ішінде Ресей азаматтары қашан жұмыс орындарын өзімізге қалдырады.

Жақсы, біз көрмеген жаңа бір дүние болса екен, жоқ, сол баяғы жұмыс, сол баяғы техника, кез келген қазақ баласының қолынан келетін. ТБ (қауіпсіздік техникасы) осы үшін Сирия, Харватия, Италиядан адам әкелетіндей соншалықты қазақ надан ба? Шындығында бәрін қазақ істеп жатыр, тек бір қазақ инженер немесе ТБ болса, қасында ештеңе білмесе де бір шетелдік жүру керек, бұл не саясат? Өтірік емес, қазақтан асып бара жатқан шетелдік жоқ, өзіміздің мамандар жетеді шүкір.

Ең сорақысы шетелден алдыртатындай сварщик, механик, электриктер жоқ па бізде? Қай жерде жұмыс тыныш, сол жерде шетелдіктер мен ресейліктер отыр, тіпті шопыр болса да. Бұл шындық.

Келер жылы елімізге «Шевронның» келгеніне отыз жыл болады. Шүкір, қазір шетелдіктің өзіне үйрететін жағдайға жеттік. Сондықтан ендігі жерде үкімет осыны қолға алуы керек, – деп жазыпты.

Сөзінің өтірігі жоқ деп ойлаймыз. Өйткені өзімізге таныс қоғамның тірлігі ғой. Орысша немесе қытайша сөйлесе оларды білгіш деп тану осылай қалыптасқан. Өз азаматтарын тұқыртып, өзгенікін зор санау қазақ қоғамын билеген орыс тілділердің оңтайлы тәсілі. Себебі өзі орыс тілді болғасын, қалған қазақтардан жоғары болып көріну үшін жасалынған жалған бетперде. Қашан қазақ болар екенбіз? Мүмкін, «Жаңа Қазақстан» бұрынғыдан өзгерек болатын шығар?..  

Тегтер: