Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:35, 16 Шілде 2020

Өзіміз қан құсып жатқанда Тәжікстанды неге жарылқаймыз?

     

      Қазақстан жыл соңына дейінТәжікстанға өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр.

Бұлақпарат кешелі бері біраз елдің ашуын қоздырды. Бастапқыда «біреулер елдіңқитығына тию үшін жария етіп отыр ма» деп ойлағанымыз да рас. Бірақ кеше денсаулықсақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Тәжікстанға көмектесетінімізді ресми түрдемәлімдеді. «Қазіргі уақытта барлық ел бір-біріне көмектесіп жатыр. Біздіңмемлекетіміз де гуманитарлықкөмек көрсетуде. Қазақстан Республикасының үкіметі жыл соңына дейін Тәжікстанғапортативті өкпені жасанды желдету аппараттарын гуманитарлық көмек түрінде жеткізумәселесін қарастыруда», – деп түсіндірді Бюрабекова.

       Ол бұл өкпені жасанды желдету аппараттарыпортативті екенін және ол стационарда емес, жедел жәрдем бригадасынданауқастарды тасымалдағанда пайдаланылатынын айтты. Оларды Ақмола облысындағы отандықөндірушілер құрастырады екен. «Қазіргі уақытта бұл өндіріс орны қуаттылығынарттырды. Портативтіқондырғылардан бөлек, оларбізге қажет стационарлық өкпені жасанды желдету құрылғыларын шығаруды жоспарлапотыр. Жыл соңына дейін өндіріс орны өкпені жасанды желдету портативті жәнестационарлық аппараттарына деген барлық қажеттілікті жабады», – дедівице-министр.

      Сөйтіп, біздің билікТәжікстанға көмек қолын созуды жөн көріпті. Рас, қазақ қиналған жанды  қолтығынан демеуді ешқашан ұмытқан емес.Бірақ нақ қазір осынымыз орынды ма?! Себебі елімізде медициналық қызмет түріойсырап, дерт меңдеген адамдар Тәжікстаннан да көбейіп кетті емес пе?!  Мысалы, Тәжікстан сәуір айына дейін COVID-19 дерегіанықталмаған елдердің қатарында тұрды. Тәжік денсаулық сақтау министрлігікоронавирус індеті Қытайда анықталды деген сәттен-ақ қажетті шараларды қабылдапүлгерді. 13 шілде күнгідеректерге жүгінсек, Тәжікстанда індет жұқтырғандардың жалпы саны 6595 адамекен. Бұл елде кеше бір тәулікте 44 адамнан ғана індет анықталыпты. Ал біздіңелдегі дерт жұқтырғандардың саны қазір 60 мыңнан асып кетті. Өткен тәуліктеҚазақстанда індет жұқтырған 1759 адамнан коронавирус анықталды.

     Осы деректерге қарап-ақ елдегі жағдайдыңқаншалықты ушығып тұрғанын аңғаруға болады емес пе?! Алпыс мың адамы ауырыпжатып, алты мың тәжікстандықтың вирус жұқтырғанына біздің биліктің іші неге  сонша ашып отыр?! Ең қызығы, АйнұрТұрсынбаева, Қайрат Жолдыбай, Жанат Бақыт, тағы басқа қоғам белсенділері бастап,халықтан ақша жинап, елге жасанды тыныс алу аппараттарын Түркиядан өзкүштерімен әкеліп жатыр. Ал бұл аралықта біздің билік біресе «бас қаланың туғанкүні» деп отшашу атып ойнады, біресе «екі аптада үкіметті жөнге салу керек» депшаптықты, енді, міне, «Тәжікстанға гуманитарлық көмек жібереміз» деп қапылыпотыр. Осыған қарап «бұлар елдің тағдырымен неге ойнап отыр» деген ойға еріксізқаласың.  

      Мәселенің шын мәнінде қалай болыпжатқанын неге ешқандай бүркемесіз, жабырды жаба тоқусыз саралап көрмеске?!  Қазір қаншама үй қара жамылды.  Тіпті соғыс кезінде де қара қағаз мұндайжиілікпен келмеген шығар. Қарапайым халық індеттен қаза болған туғанына қабірқазатын адам таппай, әлеуметтік желілер арқылы сұрау салып, еңірегенде етегіжасқа толып жатқандардың да қарасы көп. Бауыры өлсе,  «ойбай, бауырымдап» жаны езілетін қазақбірінің жаназасына бірі бара алмай, қан жұтып отыр. Ауруханадағы бей-берекетсіздік,дәрінің жетіспеуі, медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі, халықты емдейтінмедицина қызметкерлерінің дертті жұқтырып алуы, дәріханаларда тәуліктеп кезеккүту қатты белең алып кетті. Елде дәрігерлер «коронавирустың зерттелмеген түрі»деп атау берген  пневмония да қатты өршіптұр. «Қан құстық, ентігіп жатырмыз, дем жетпейді» деген видео-үндеулер деәлеуметтік желіні шарлап жүр.  Ал осыныңбарлығына кім кінәлі? Коронавируспенкүреске 6 трлн теңге жұмсалды. Қосымша тағы 150 млрд теңге бөлінді. Оның толықесебі неге қайта-қайта беріліп отырмайды?! Бөлінген қаражат қайда?Неліктен  қаражаттың қайда кеткені жайлы қарапайымғана түсінікті тілмен есеп берілмейді? Тіпті болмаса сол есептер үлкенқалалардың көшелеріндегі LED экрандар арқылы көрсетіліп отырса да болатын еді.

     Жалпы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустан дұрыстап қорғанбаса,коронавирус пандемиясы өрши беретінін баса айтты. Ұйымның ресми өкілі Тедрос Адханом Гебрейесус: «Үкімет халықпендұрыс байланыс орнатпаса, билік халыққа вирустан қорғанудың негізгі шарттарынұстанбаса, пандемияға қатысты жағдай қиындаған үстіне қиындай береді», – деді.

      Тап қазіросы жағдай Қазақстанда болып жатыр. Үкімет бір жақта, халық екінші жақтақорғансыздың күйін кешіп, өзін-өзі қорғаудың барлық амалдарын жасап бағуда. Алосындай келеңсіздіктерге жол беріп алып, біздің үкімет өзгеге келгенде жомарт-ақ.Құны 63 млн теңге тұратын 100 тыныс алу аппаратын Тәжікстанға бергенше,өзімізді-өзіміз неге жарылқап алмаймыз, осы?! Сол 63 млн теңгені қиналғанхалыққа, індет құрсауында қалып асыраушысынан айырылған отбасыларға бергеніләзім еді. Қазақта  «Өзіңді өзің сыйласаң,жат жанынан түңілер» деген сөз бар. Осы пәлсапаға салсақ, алдымен өзіміздітүгендеп алып барып, сосын өзгені жарылқасақ етті.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Тегтер: