Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:08, 28 Қаңтар 2022

ӨЗІН ҚҰРБАНДЫҚҚА ШАЛДЫ

None
None

«Мен білетін, менің есімде қалған Нұрсұлтан Назарбаев өте сезімтал адам болғандықтан, ол бір сәт ойланып, өзін құрбан етуді шешті деп ойлаймын.

Қазақстан сарайында үлкенге құрмет, кішіге ізет дегендей, дәстүрлі сыйластық бар, қазақ қарияға қол көтермейді. Бүкіл халықтың ашу-ызасын қоздырушы өзі екен деп ойлап, өзін құрбандыққа шалды-ау. Бірақ халықтың қаһарын туғызған жалғыз ол ғана емес, елдегі диктатура, жоқшылық пен жаппай ұрлық-жемқорлық еді», деп пайымдайды ресейлік жазушы, журналист және публицист, биліктің сыншысы, атеист, мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты, көрші елдегі атышулы тұлғалардың бірі Александр Невзоров.

– «Төңкерісті кім жасады деп сұрайды. Ереуілге өзі шығып, өз тілегін орындата алғандай көрінген, бірақ ақыры, өзі оққа ұшқан халықтың ұйымдастырмағаны анық. Биліктің өзінің ірі кесек еті жұлынып, қаны әлі сорғалап тұр. Қиын жағдайда әбжіл қимыл жасайтын дарыны жоқ екенін біршама дәлелдеп берген құқық қорғаушылар да бұл төңкерістен пәлендей пайда көрмеді. Қазақтың ішегіне қолын тығып, кесек-кесек уранды байқатпай, шексіз мөлшерде суыра беремін, деп қуанған Ресей де табанын жалтыратуға мәжбүр болды. Мен бұл жерде істің қалай болғанын білмейтіндіктен, болжам мен долбар жасағым келмейді. Маған фактілер керек, фактіге қарап, ең дәл түйін жасай аламын. Бірақ менде фактілер жоқ.

Енді бір сарапшылар Тоқаев өзінің Назарбаев деген «крышасын» Путинге ауыстырды деседі. Бірақ Путин мұсылмандар тұратын авторитарлық республика түгілі, әзірге, өзін еш жерде сенімді, лайықты «крыша» ретінде көрсете алмаған. Ол тек байғұс Пашинянға «крыша» атанды, бірақ Пашинянға қолдауды әу бастан батыстан іздегені жөн болар еді. Егер Пашинян Мәскеуден басқа жерден, әлемнің басқа бөлігінен өз «крышасын» дер кезінде тапқанда, Қарабақтағы кешегі сұмдық болмас еді, не оның салдары армяндар үшін қазіргідей, өте қайғылы болмас еді. Путин – өте нашар «крыша».

Қазақстанға қарап, Кремль есін жияр дейді. Бірақ Кремльдің ес жиюы мүмкін емес. Кремльді мастығынан айыру ешкімнің қолынан келмес. Қазақтың кешегі мұңын олар тек қазақтың басына келген бәле деп санайды және оған кәдімгі ақымақтық пен билікті басқара алмаушылығы себеп болды деп ойлайды. Кремль өзінің мызғымастығы мен табыстылығына мың пайызға сенімді. Кремльдегі кей ақылы барлар шынымен қазақтың оқиғасынан тіксініп қалуы мүмкін, бірақ Путин емес.

Сосын, халық көтерілгенде, интернетті неғұрлым қатты тұншықтырсаң, соғұрлым көп адам көшеге шығып, қаһары қаттырақ болады. Қолына Телеграмын ұстап, көтеріліске диванда жатып-ақ қатыса салмақ болғандар амалсыз көшеге шығуға, қол-аяғымен және тікелей әрекет етуге мәжбүр болады. Сондықтан интернетті өшіру ереуілді басудың орнына, керісінше, көтерілістің күшеюіне көмектеседі.

Өзінің авторитарлық режимінен Ресей халқы неге құтыла алмай отыр? Революция деген химия, өзінің нақты заңдары бар. Химиялық ерітінділер мен қоспалардың реактивті процестері пен реакциялары дәл ретімен ғана жүргенде, жарылыс болады. Ресейдегі химиялық қоспалар жиынтығына бірдеңе жетпей тұр. Не жетпейтінін мен айтпай-ақ қояйын. Тарих деген ғылым емес, ал химия деген ғылым. Тарих бір немесе бірнеше оқиғадан кейін нақты не болатынын білмейді.

Бірақ Қазақстан бәрібір демократияға ұмтылуы керек. Демократияның дәмін бір татуға қалай да талпынуға тиіс. Ешбір халық мал сияқты өмір сүргісі келмейді. Әлем қандай екенін, адамзат жетістігі қайда жеткенін қазір интернеттің арқасында, бәрі біледі. Қазақтар да, Орталық Азиядағы барлық халықтар да өте көреген, ар-намысы өте биік адамдар, оларда да сіз бен біздегідей, өз амбициясы бар, әрі бұл өте заңды нәрсе. Олар неге өздеріне кезекті падишахтың қорасында тұратын тобырдың рөлі ғана бұйырған деп ойлауы тиіс? Совет одағы күйреген соң, Қазақстанда билік басып алынды, ал диктаторлардың билікке қалай өлгенше, жармасатынын біз білеміз. Қазақстанда әділеттік автоматты түрде қалпына келеді. Әділдік деген өзі автоматты нәрсе. Қайта-қайта қалпына келуге тырыса беретін. ХІІІ-ХIV ғасырдағы жабайы Еуропаның уақыты өте келе, шамадан тыс толерантты, адам мен адам құқығын қатты қадірлейтінін болжау мүмкін емес еді. Өйткені Еуропаның бұған дейінгі тәжірибесі тым қатыгез, қанқұйлы, қорқынышты және деградантты болды», – деп түйіндейді ол өзінің Қазақстанға тоқталған сөзінде.

Тегтер: