Өзін «сот орындаушысымын» деп таныстыратын алаяқ ұсталды
Түркістанда алиментке беретін ақшасын жойып беремін деп тұрғынды алдаған ер азамат ұсталды.
Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазығұрт аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, 2021 жылы тамыз айында оны бейтаныс азамат алдап кеткен. Яғни алаяқ өзін «сот орындаушысымын» деп таныстырып, алиментке төлейтін берешек ақшасын жойып беретінін айтып, қызметіне 300 мың теңге ақша алған. Алайда берілген уәде орындалмай 1 жылға созылған. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы «алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.
Алаяқтық қылмысына байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар ер азамат ұсталды. Ол ешқандай жерде жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде полиция қызметкерлерімен күдіктінің басқа да алаяқтыққа қатыстылығы анықталуда.