Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар салық төлемейді
2026 жылдың қаңтар айының алғашқы он күнінде 66 мың адам өз қызметін заңдастырып, өзін-өзі жұмыспен қамту мәртебесін алды.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимінің енгізілді. Нәтижесінде аталған тұлғалар бұған дейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей жұмыс істесе, енді өзін-өзі жұмыспен қамтып, артық әкімшілік рәсімдерсіз заңды түрде еңбек етіп жатыр.
Жаңа салық режимі мына азаматтарға арналған:
- Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегендер;
- Жалдамалы жұмысшыларды пайдаланбайтындар;
- Үкіметтің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысатындар;
- Ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен аспайтындар (2026 жылы — 1,3 миллион теңге).
Режимнің негізгі артықшылықтары:
-
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес;
-
Жеке табыс салығын төлемейді (ЖТС – 0%);
-
Әлеуметтік төлемдер бар болғаны табыстың 4%-ына тең
(МЗЖ – 1%, МЗЖЖ – 1%, әлеуметтік аударымдар – 1%, МӘМС – 1%); -
Салық есебін тапсырудан босатылады;
-
Барлық чектер шығарылып, әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептелетін “e-Salyq Business” мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі;
-
Интернет-платформалар арқылы жұмыс істеген жағдайда, чектер мен әлеуметтік төлемдер платформа операторы тарапынан автоматты түрде құралып, ұсталады және аударылады.