Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:10

Пәкістан әскерінің Ауғанстандағы тұрғын үйді бомбалауы салдарынан 10 адам қаза тапты

Ауғанстан
Хост провинциясы / Фото: Дүниежүзілік банк кеңсесі

«Талибан» қозғалысының өкілі Забихулла Муджахидтің хабарлауынша, түнде Хост провинциясындағы жергілікті тұрғынның үйі Пәкістан әскері тарапынан әуеден шабуыл жасалған.

Нәтижесінде бес ұл, төрт қыз және бір әйел қаза тапқан. Пәкістан тарабы жағдайға түсініктеме берген жоқ. Бұл шабуыл Пешаварда әскери нысанда жасалған терактіктен бір күн өткен соң іске асырылды.

Ауғанстанның Хост провинциясында Пәкістан әскері жергілікті тұрғынның үйін бомбалау нәтижесінде кемінде тоғыз бала және бір әйел мерт болды. Бұл туралы сейсенбіге қараған түні «Талибан» өкіметінің ресми өкілі Забихулла Муджахид мәлімдеді.

Муджахидтің айтуынша, Пәкістан әскері Кунар және Пактика провинцияларында да рейд жүргізіп, төрт бейбіт тұрғынды жаралаған.

«Кеше, түнгі сағат 00:00-де Хост провинциясының Гербезо ауданында пәкістандық басқыншы күштер жергілікті тұрғын Валиат Хонның үйін бомбалaды. Нәтижесінде 5 ұл, 4 қыз бала және бір әйел қаза тапты. Үй толықтай қирады», - делінген хабарламада.

Пәкістанның армиясы да, Сыртқы істер министрлігі де бұл жағдай бойынша пікір білдірмеген.

Бұл рейдтер – Пешавар қаласындағы әскери құрылым ғимаратында жасалған жанкешті шабуылдан бір күн өткен соң орын алды. Ол теракт салдарынан Пәкістан үш полиция қызметкерінен айрылған.

Соңғы уақытта Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы қарулы қақтығыстар саны артып келеді. Өткен айда екі ел әскерінің қақтығысы ондаған адамның өліміне әкелген еді.

Екі тарап қазан айында Дохада атысты тоқтату туралы келісімге қол қойған. Алайда келісім Пәкістанға қарсы қарулы топтардың Ауғанстан аумағындағы әрекетіне қатысты қайшылықтарға байланысты бұзылды. Осы себепті Ыстанбұлға ауысқан бейбіт келіссөздер ұзақ мерзімді келісімсіз аяқталды.