Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:52

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қарулы қақтығыс күшейді

1
Фото: из открытых источников

Пәкістан Ауғанстандағы тәліптер билігіне қарсы әскери операция бастағанын мәлімдеді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, соққылар шекара маңындағы бірнеше сектордағы бекіністерге, штаб-пәтерлерге және оқ-дәрі қоймаларына әуеден және жерден жасалған.

Халықаралық БАҚ, соның ішінде Al Jazeera, Пәкістан әскери-әуе күштері Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында орналасқан нысандарға әуе соққысын жасағанын хабарлады.

Пәкістанның қорғаныс министрі Ходжа Асиф бұл әрекетті ортақ шекара бойындағы шабуылдарға жауап ретінде жасалған мәжбүрлі қадам деп сипаттады. Оның айтуынша, Пәкістан ондаған жылдар бойы ауған халқына қолдау көрсетіп келген.

– Пәкістанның бұрынғы рөлі позитивті болды. 50 жыл ішінде біз бес миллион ауғанды қабылдадық. Қазірдің өзінде миллиондаған ауған азаматы біздің елде тұрып жатыр. Алайда біздің шыдамымыз таусылды. Енді арамызда ашық соғыс басталды, – деді министр.

Исламабадтың мәліметінше, операция барысында 133 ауған содыры жойылған. Сонымен қатар тәліптердің тоғыз позициясы бақылауға алынып, тағы 27 нысан жойылған.

Өз кезегінде Ауғанстандағы тәліптер үкіметінің ресми өкілі Забихулла Муджахид Пәкістан шабуылдарына жауап ретінде ауған күштері Кандагар мен Гельманд аймақтарындағы пәкістандық әскери нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді.

Ауған тарапының дерегінше, қақтығыстар салдарынан 10 пәкістандық сарбаз қаза тауып, 13 бекініс бақылауға алынған.