Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:11

Пәкістанда қолдарына таяқ пен тас ұстаған топ АҚШ консулдығына шабуыл жасады: қаза тапқандар бар

Карачи
Фото: скриншот

Пәкістанның Карачи қаласында қолдарына таяқ пен тас ұстаған топ АҚШ консулдығына шабуыл жасады. 

Қауіпсіздік күштері оқ атып, салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Жексенбі күні Карачиде тәртіпсіздіктер басталған. Тас пен таяқпен қаруланған топ АҚШ консулдығына шабуыл жасап, терезелері мен есіктерін сындырған, күзет бекетін өртеген.

«Куәгерлердің айтуынша, жергілікті қауіпсіздік күштері, оның ішінде пәкістандық әскери қызметкерлер тәртіпсіздікті басу үшін оқ атқан. Алдын ала мәлімет бойынша, сегіз шабуылдаушы қаза тапқан, АҚШ консулдығының үш қызметкері жараланған», — деп хабарлайды дереккөз.

Шабуыл сәтінің видеосы әлеуметтік желілерде таралуда.

Басқа дереккөздер кемінде 10 адамның қаза тапқанын хабарлады.

«Полиция мен сарбаздарды қоса алғанда, құқық қорғау органдары бұл ауданда қауіпсіздік шараларын күшейтіп, одан әрі зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кірісті», — деп жазады Geo News.

Синд провинциясының ішкі істер министрі жасаған мәлімдемесінде ешкімге заңды өз қолына алуға жол берілмейтінін айтты.

Бұған дейін Иран билігі Жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеи қаза тапқанын растағанын және елдің әскери басшылығында елеулі шығындар болғанын хабарлаған еді.