Панама Трамптың қоқан-лоққыларына байланысты БҰҰ-ға жүгінді
Панама билігі басқа елдердің аумақтық тұтастығына қарсы күш қолдану немесе қорқытуға тыйым салатын БҰҰ Жарғысына сілтеме жасады. Панама президенті Давоста Панама каналының АҚШ-тың сыйы емес екенін айтты.
АҚШ президенті Дональд Трамптың Панама каналын басып аламын деп қорқытқанын қайталаған инаугурация сөзінен кейін Панама билігі оның талаптарын жоққа шығарып, БҰҰ-нан қолдау сұрады. Панама президенті Хосе Рауль Мулино сәрсенбі, 22 қаңтарда Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда: «Біз Трамп мырзаның айтқандарының барлығын толығымен жоққа шығарамыз», - деді.
Ол Панама каналының Трамп мәлімдегендей «АҚШ-тың сыйы» емес екенін баса айтты. Арна «Панамаға тиесілі және Панамаға тиесілі болып қалады», - деп қосты Мулино.
Панаманың БҰҰ-дағы елшісі Элой Альфаро де Альба ұйымның бас хатшысы Антонио Гутерришке хат жолдап, Трамптың «үрейлі» мәлімдемелеріне назар аударды, деп хабарлайды AFP және Reuters.
Бұл ретте Панама билігі БҰҰ Жарғысының ұйымның кез келген мүшесіне басқа мемлекеттің аумақтық тұтастығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы күш көрсетуге немесе қорқытуға тыйым салатын бабына сілтеме жасады.