Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 15:45

Пара алғаны үшін сотталған бұрынғы әкім құрметті азамат атанды

1
Фото: из открытых источников

2025 жылдың аяғында Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының депутаттары ауданның Құрметті азаматы атағына ұсынылатын үміткерлерді анықтады.

Олардың қатарында бұл ауданды бұрын басқарған Нұрлан Сыдықов та бар. Бұрын ол пара алғаны үшін сотталған еді.

Нұрлан Сыдықов 2013–2015 жылдары (ол кезде әлі Шығыс Қазақстан облысы құрамында болған) Бесқарағай ауданын басқарды. 2015 жылғы қазанда ол сол облыстағы Жарма ауданының әкімі болып тағайындалды. 2018 жылғы күзде осы қызметте жүріп сыбайлас жемқорлық қылмысын жасап, соның салдарынан мемлекеттік қызметтегі мансабымен қош айтысуына тура келді.

Қазақстанда белгілі бір облыс, аудан немесе қала бойынша "Құрметті азамат" атағына кім лайық екенін жергілікті мәслихаттар шешеді. Әуелі мәслихатқа кандидаттар туралы ұсыныстар түседі, кейін депутаттар "ең лайықтыларды" дауыс беру арқылы іріктейді. Әдетте бұл мемлекеттік мерекелердің қарсаңында немесе одан кейін өтеді. Мысалы, қазір Абай облысына қарайтын Бесқарағай ауданында былтыр құрметті азаматтар 18 желтоқсанда өткен 35-сессияда, яғни Тәуелсіздік күнінен кейін көп ұзамай анықталған.

Ауданның құрметті азаматтарының жаңартылған тізімі жергілікті мәслихаттың сайтында қаңтардың басында жарияланды. Жаңадан "құрметті" атанғандардың ішінде Нұрлан Сыдықов та бар.

Құжатта экс-әкімнің еңбегі ретінде оның Бесқарағай ауданын басқарған кезеңінде атқарылған жұмыстар түгел тізілген.

"Мостик және Башкөл ауылдарында 2 жаңа мектеп салынды, "Айналайын" балабақшасының құрылысы басталды. Аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Орталық аудандық аурухана мен Бесқарағай колледжінде ағымдағы жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді", – делінген сипаттамада.

Тегтер: