Париж бен Лондон Украинада бір айға атысты тоқтатуды ұсынады

Франция мен Ұлыбритания Ресей мен Украина арасында бір айға ішінара бітімге келуді ұсынып отыр. Франция мемлекетінің басшысы Макрон Le Figaro газетіне сұхбат берді.
Макрон атысты тоқтату әуе және теңіз соққылары мен энергетикалық инфрақұрылымға шабуылдарды тоқтатуға ұласуы мүмкін екенін айтты.
«Атыс тоқтатылған жағдайда, бұл келісімнің майданда сақталып жатқанын тексеру өте қиын болады», - деп атап өтті Эммануэль Макрон, майдан шебінің ұзындығы Парижден Будапештке дейінгі қашықтыққа тең екенін айтты.
Француз-британдық ұсыныс бойынша еуропалық құрлық күштері Украинаға тек екінші кезеңде ғана енгізіледі.
«Алдағы апталарда Украина жерінде еуропалық әскерлер болмайды», - деп келтіреді Le Figaro Макронның сөзін.
Макронның жоспары туралы айтқан Украина президенті Владимир Зеленский «барлығы туралы хабардар» екенін айтты.