Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:45, 14 Наурыз 2023

Парижде қазақтың ұлттық киімдері таныстырылды

None
None

Париж қаласында Қазақстан елшілігінің ғимаратында дизайнер Малика Дүйсенбаеваның топтамасының сән көрсетілімі өтті.

Маликаның өзі Ақтөбе қаласының тумасы, сондықтан оның шығармашылығында ең алдымен Батыс Қазақстанның ұлттық киімінің тарихы кеңінен насихатталады. Дегенмен, дәстүрлі киімдер, зергерлік бұйымдар мен бас киімдер заманауи көріністерге айналды.

Франциядағы Қазақ сән қауымдастығы ұйымдастырған шоудың қонақтары диаспора өкілдері, сән саласының мамандары, журналистер болды. Көрермендердің ең үлкен назарын француз сәнқойлары жоғары бағалайтын қолдан тігілген кестелер аударды. Малика Дүйсенбаева, сәнгер:

— Мен үшін бұл оқиғаның маңызы зор, өйткені бұл менің ғана емес, бірнеше ұрпақ дизайнер болғаннан кейін анамның арманы болды. Қазақстанды осындай алаңда, Париждің орталығында, сән астанасында көрсету – үлкен жауапкершілік. Көрермендер қалай қабылдайды деп қатты уайымдадым. Олардың шыққаны, жақсы пікірлер айтқаны, таңданғандары, қолөнер шеберлерінің көптігі өте жақсы.

Рената Бонарди, косметикалық брендтің негізін қалаушы:

— Ұлттық, қолөнер бұйымдарында біз білмейтін көптеген қызықты нәрселер бар екеніне таң қалдым. Біз Қазақстанды әрқашан саясаттан көреміз, бірақ басқа да қызығарлыұ тұстары  бар екен, олармен танысуға мүмкіндік болғаны жақсы.

Франсуа Бей, іс-шараны ұйымдастырушы:

— Мені көйлектердегі, гүлдердегі осы кестеле қызықтырды. Мен өзім үшін өте әдемі жаңалық аштым.

Флоренс Вивьен, көркемсурет галереясының директоры:

— Маталарда таң қалдыратын дәстүрлі сән үлгісә бр, олар өте ерекше көрінеді, сонымен қатар кестеленген өрнектер көздің жауын алады. Қауырсындарымен көмкерілген мына биік бас киімдер де ұнады, маған бұл қорғаныс мәнінде тағылады деп айтты, сондықтан бұл сұлулықтың да пайдасы бар.

Тегтер: