Парламент елордаға Астана атауын қайтарды
Сенат пен Мәжіліс депутаттары елорда атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгертуді қолдап дауыс берді, — деп хабарлайды Жас Алаш.
Қазақстан астанасы атауын Астана деп өзгерту «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген.
Бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында депутаттар елорданың бұрынғы атауын қайтаруды қолдап дауыс берді. Депутаттық топ бұл бастаманы негізсіз ұсынып отырған жоқ. Депутатар жазда халықпен кездескенде, Конституциялық реформаларды референдум арқылы қабылдауды түсіндіру барысында жұртшылық тарапынан осы аталған мәселе жиі көтерілген болатын.
Бұған дейін елорда мәслихатында қоғамдық тыңдаулар өтіп, онда депутаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдаған болатын.
2 қыркүйекте Мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері Астана атауын Нұр-Сұлтанға қайтаруды қолдады.