Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:10

Парламент Қазақстанда ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды қабылдады

1
Фото: DR

Мәжіліс  ЛГБТ насихатына және педофилияға тыйым салуды көздейтін заң жобасын екінші, соңғы оқылымда қабылдады. Енді құжат Сенаттың қарауына жіберілді.

Қабылданған түзетулерге сәйкес, енді БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және интернет кеңістігінде “дәстүрлі емес жыныстық қатынасты насихаттайтын” контентті таратуға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мұндай контент таратқандарға айыппұл салу немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылады.

"Аманат" партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, бұл заң ЛГБТ өкілдерін жазалау немесе олардың құқықтарын шектеу емес, тек публикация мен ақпарат таратудың шегін белгілеу.

Ол жаңа нормалар “халықаралық тәжірибеге сай” екенін және мұндай заңдар Венгрия, Болгария, Литва, Польша, Қырғызстан және Ресейде де бар екенін атап өтті.

Заң Сенат пен Президентке жолданады

Құжат енді Парламенттің жоғарғы палатасы – Сенатқа өтеді. Сарапшылар мен БАҚ пікірінше, Сенат заңды мақұлдап, Президент Тоқаевтың қол қоюына жолдауы ықтимал.
Мемлекет басшысы бұған дейін “дәстүрлі құндылықтарды қорғау” қажеттілігін бірнеше рет айтқан болатын.

Соңғы жылдары Қазақстанмен қатар Ресей, Беларусь, Грузия, Болгария және Венгрия сияқты елдерде ЛГБТ насихатына қарсы заңдар қабылданып, қоғамдық пікірде “дәстүрлі құндылықтарды қорғау” ұраны күшейіп келеді.

Тегтер: