Парламент Наурыз қарсаңында толық құрамда Астанада жиналады
Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Бұл туралы ресми өкімге Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойғанын Tengrinews.kz хабарлады.
Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 наурыз, жұма күні сағат 10:00-де Парламент ғимаратында өтеді.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 наурызда сағат 10:00-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген ресми хабарламада.
Алдағы отырыстың күн тәртібі әзірге жарияланған жоқ. Әдетте мұндай бірлескен отырыстарда ең маңызды заң жобалары қаралады, үкіметтің бюджет орындалуы жөніндегі есептері тыңдалады немесе жолдаулар мен үндеулер жарияланады.