Парубийдің өлімі: күдікті Ресейге қатысын мойындап, кейін жоққа шығарды

Экс-спикер Андрей Парубийдің өліміне қатысты ұсталған күдікті бастапқыда Ресеймен байланысын мойындаған еді. Бірақ Львовтегі сотта ол өз сөзінен айнып, ресейлік арнайы қызметтердің қысымы туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Алғашқы айғақтар
1 қыркүйекте күдікті – Львовтың 52 жастағы тұрғыны – қылмысты Ресейдің тапсырмасымен жасағанын хабарлаған. Оның айтуынша, Ресей өкілдері жоғалған ұлының денесін қайтару үшін украин саясаткерлерінің бірін өлтіруді талап еткен. Тергеу мәліметінше, ол Ресей тарапымен байланыс орнатып, қару алып, Парубийді бақылап жүріп, қастандыққа дайындалған.
Кейінгі мәлімдемесі
Алайда сотта журналистердің сұрағына жауап берген күдікті Ресейдің ешқандай қатысы жоқ екенін айтып, Парубийді өзінің бастамасымен өлтіргенін жеткізді. Ол қылмыстың себебін «украин билігінен кек алу» деп түсіндіріп, тіпті «Порошенкомен де есеп айырысуға болар еді» деген.
Қазір не белгілі?
Сот күдіктіні 60 күнге қамауға алды. Тергеу органдары әзірге барлық нұсқаларды тексеріп жатыр, бірақ Ресеймен байланыс нұсқасы әлі де негізгі ретінде қарастырылып жатыр.
Айта кеетйік, Андрей Парубий 2016–2019 жылдары Украина Жоғарғы Радасының спикері болды. Бұған дейін ол Евромайдан кезінде «Самооборона Майдана» қозғалысын басқарған, сондай-ақ ҰҚКЖ-ны да уақытша басқарған еді. Саясаткер 30 тамыз күні Львовта қаза тапты. Күдікті курьер сияқты киініп келіп оны атып кетті.