Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімі 48 сағатқа ұзартылды. Бұл туралы AFP тергеуге жақын дереккөзге сілтеме жасап жазады.
AFP атап өткендей, күдікті ұсталғаннан кейін судьяға айып тағып немесе тұтқынды босату үшін 96 сағат уақыты бар.
Telegram негізін қалаушы 24 тамыз күні кешке Париждегі Ле Бурже әуежайында ұсталды. Оған контентті қатаң сүзгіден өткізуден бас тартады және есірткі таратуға, балалар порнографиясына және алаяқтыққа күдікті пайдаланушылар туралы ақпаратты ашуда билік органдарымен ынтымақтасады деген айып тағылды.
Париж прокуратурасы Дуровтың ісі бойынша бүгін мәлімдеме жасайды деп күтілуде.
Дуров қамауға алынардан бір күн бұрын Telegram түсініктеме берді. Мәлімдемеде мессенджер ЕО-ның барлық заңдарына сәйкес келетіні және платформа немесе оның иесі платформадағы теріс пайдалану үшін жауапты деген мәлімдеме «абсурд» делінген.