Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры 2 айға қамалды - ҚМА
Қаржы мониторингі агенттігі Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Оспанбек Әлсейітовтің ұсталғаны туралы ақпаратты растады, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Павлодар облысы бойынша ҚМА аумақтық департаменті „Павлодар мұнай-химия зауыты“ ЖШС бас директоры Алсейітовке және басқа да тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша „ПМХЗ“ ЖШС-нің дизель отынын өндіру процесін құрамдастыру жөніндегі функцияларын аутсорсингке заңсыз иеліктен шығару дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, «ПМХЗ» ЖШС-нің директоры Әлсейітовке қатысты Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты 2 ай мерзімге "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.
Факт бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сәйкес өзге де мәлімет жария етуге жатпайды.