Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:05

Павлодар облысында нәресте сатпақ болғандар ұсталды 

Н
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында полиция қызметкерлері жаңа туған сәбиді сату әрекетінің алдын алды. Қыз баланың анасы перзентханадан шыққан бойда нәрестені сатпақ болған.

ІІМ мәліметінше, Түркістан облысының 23 жастағы тұрғыны бұл қылмысты жүктіліктің соңғы кезеңінде-ақ жоспарлаған. Әйел болашақ баласына әлеуметтік желілер арқылы сатып алушыларды белсенді түрде іздеген.

Қылмыс үстінде ұсталды

Полиция қызметкерлері күдіктіні алдын ала анықтап, оның қылмыстық ниетін құжаттаған. 3 сәуір күні үш күндік нәрестені беру және ақша алу кезінде әйел қылмыс үстінде ұсталды.

«Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қылмыстық ниетін тіркеп, оны ұстады», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Бала қазір қайда?

Қазіргі уақытта жаңа туған қыз бала дәрігерлердің тәулік бойы бақылауында. Дәрігерлер оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екенін айтты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің сыбайластары болған-болмағанын тексеріп жатыр.

Тегтер: