Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:23

Павлодар облысында сегіз әкімге қоқыс үйінділері үшін айыппұл салынды

айыппұл
Фото: из открытых источников

Павлодар облысының прокуратурасы экологиялық талаптарды бұзғаны үшін сегіз ауылдық округ әкімінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Прокуратура өкілдері атап өткендей, аталған нысандарда бірқатар заңбұзушылықтар тіркелді:

  • Экологиялық-санитарлық талаптардың сақталмауы;

  • Нормативтік-техникалық құжаттаманың болмауы;

  • Сүзінділер мен ағын сулардың мониторинг жүйесінің жоқтығы;

  • Қоқыс газының шығарындыларын бақылайтын қондырғылардың орнатылмауы.

Прокуратура мұндай заңсыз полигондардың пайда болуына коммуналдық қалдықтардың бақылаусыз тасталуы және жергілікті атқарушы органдардың қоқыспен жұмыс істеу кезінде тиісті талаптарды қамтамасыз етпеуі себеп болғанын қадап айтты.

Тексеру нәтижесінде сегіз ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар төлеген айыппұлдардың жалпы сомасы 1,7 миллион теңгені құрады.

Тегтер: