Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:16

Павлодар облысының агроөнеркәсіп кешенінде 500 миллион теңгеден астам ақша ұрланған

а
Фото: ашық дереккөз
Павлодар облысының прокуратурасы агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау саласында бірқатар заңбұзушылықтар бар екенін анықтады.  

Прокуратура мәліметінше, облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Кейбір жағдайларда осы салада жалған әл-ауқатты көрсету үшін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу туралы есеп беру ақпараты бұрмаланады.

Іс жүзінде субсидиялау процесі тек формалды түрде өтінімерді қабылдап, бюджет қаражатын бөлуден тұрады. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке келтірілген шығын шамамен 500 миллион теңгені құрады.

Мысалы, 2 ауылшаруашылығы тауарын өндіруші заңсыз баю мақсатында жалпы сомасы 132 млн теңгеге техника сатып алуға субсидия алып, кейіннен басқа мақсатқа жұмсаған.

Бюджет қаражатын ұрлаудың анықталған схемалары бойынша процестік шешім қабылдау үшін материалдарды жинау жүзеге асырылуда, облыс әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді (қаралуда).

Тегтер: