Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:34, 21 Желтоқсан 2022

Павлодар облысында өрт болып, бір бала көз жұмды

None
None

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 21 желтоқсанда сағат 01:03-те Алтай көшесі, 9/2 мекенжайында 4 пәтерлі шпал үй жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«5 бөлмелі пәтер толығымен жанып, төбесі құлаған. 2 бөлмелі пәтердің қабырғасы жанды және шатырдың ағаш құрылымдары жартылай қираған. Өрт сөндіру барысында 5 бөлмелі пәтерден 2016 жылы туған ұл баланың денесі табылды», — деді департаментте.

Сондай-ақ, өрттен зардап шеккен 1983 жылғы әйел адам қалалық ауруханаға және үй иесі 1962 жылғы әйел адам облыстық ауруханаға жатқызылды. Ал, 1985 жылғы ер адам дәрігерлердің тексеруінен өтті.

Өрт сағат 03:01-де толығымен жойылды. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті жоюға 40 өрт сөндіруші мен 9 өрт техникасы, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.

Өрт 150 шаршы метр аумақты қамтыды.

Тегтер: