12:08, 04 Қазан 2018
Павлодар облысында тұрғын үй құрылысы тоқтамайды

Павлодарлық шененуніктердің айтуынша, өңірде биылғы жылдың сегіз айында баспана құрылысына бөлінген барлық қаражатқа 105,6 мың шаршы метр аумаққа үй салынған.
Оның 5,8 мың шаршы метрін, яғни 72 пәтерді Павлодар қаласының тұрғындары несиеге алыпты. Ал шаһар бойынша төлеп алу арқылы жалға берілген пәтерлердің саны – 180. Ал Ақсу қаласында биыл мемлекеттік бағдарлама аясында 73 отбасы үй алып, қоныс тойын тойлап үлгерген. — Маусым айында пәтер кілтін алдық. Бес қабатты үйдің төртінші қабатынан бір бөлмелі пәтерге ие болдық. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бастапқы төлем 30 пайызды құрады.Бұл өте қолайлы деп ойлаймын. Осылайша тоғыз жылға пәтерді Тұрғын-үй жинақ банкі арқылы ипотекаға алдық. Бірақ, бұдан қысқа мерзімде жауып тастаймыз деп жоспарлаудамыз,-дейді Ақсу қаласының тұрғыны Рая ШОРАҚЫЗЫ.Ал Екібастұз шаһарындағы 9-шы шағын ауданда биыл 5 қабатты үш бірдей үй бой көтерген. Осылайша, 180 пәтер несие арқылы жұртқа берілген. Өңірдегі елді-мекендерде де тұрғын үй салу қарқынды жүзегу асуда. Мәселен, Тереңкөл ауданында биыл 24 пәтер, Май ауданында 12 пәтер өз иесін тапқан. [caption id=«attachment_18764» align=«alignnone» width=«960»]
Ақсу қаласы [/caption]"Өңірлерді дамыту — 2020" бағдарламасы бойынша жалпыоблыс бойынша жыл соңына дейін барлығы 304,0 мың шаршы метр аумаққа баспана салынып, қолданысқа берілуі тиіс. Айта кетерлігі, биыл Павлодар әуежай ауданында құрылыс жұмыстары басталып, сол жерде шағын аудан пайда болады деп күтілуде. Жоспар бойынша, онда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша екі қабатты үйлер бой көтермек. 72 пәтердің жартысы таунхаус ретінде салынады дейді атқамінерлер. Сондай-ақ, 2019 жылы Достық шағын ауданында да тұрғын үйлер салынады деп жоспарланған. Онда пайда болуы тиіс 9 қабатты екі үйдің жоспары қазір сараптамаға жіберіліп, тағы 18 қабатты бір үйдің жобасы қағаз бетіне түсірілу үстінде. Бұл шаралар аяқталған соң, мердігер компанияларға байқау жарияланбақшы.Фотолар автордікі.
