Павлодарда 200-ге жуық үйге су кірді

17.05.2018, 18:44

147

Павлодарда қар түгел еріп кеткен кезде тұрғындарды жер асты суы мезі қылуда.Екінші Павлодар деп аталып кеткен шағынаудан халқы бұған жол берген жергілікті билік өкілдері дейді. Су 200-ге жуық баспанаға кіріп кеткен.Совет  кезінде бұл ауданда су сорғыш станциясы болған. Алайда, ол 9 жыл бұрын алынып тасталған. Сол-ақ екен, көшелер мен аулаларды су басқан. Жер асты сулары соңғы үш жылда үйлердің ішіне де кіре бастапты. Кесірінен баспаналардың жертөлесі мен қабырғалары жарылып жатыр.-Міне көктемнен бері осылай су басты. Үйге кірген су бастапқыда ортан белден келді.Басында 20 мың теңгеге сорған, енді қазір күнара машинамен сорғыздыртып отырамыз.Қабырғалар жарылып, үй іші сыз тартып кетті. Ауырып қалдық. Бақшамыз да суға толы. Ақыры пәтер жалдауға мәжбүр болдық. Бұлай жалғаса берсе, үйіміздің құлайтыны анық,- дейді Павлодар қаласының тұрғыны Сағындық САРБАСОВ.  Тұрғындар ескі болса да тәп-тәуір істеп тұрған су сорғыш станциясын бұздыртқан атқамінерлерді кінәлауда. Ал оның орнына бүгінде әлдебіреулер коттедж үйлер тұрғызып алыпты. Кейін жаңадан орнатылған су сорғыштан еш пайда жоқ көрінеді.-Былтырдан бері колледждің артында дренаж салып жатыр. Одан ешқандай бізге пайда жоқ. Оның су сорылып та жатқан жоқ. Колледж бен жатақханасының жертөлесі суға толып тұр.Ол жақты сормай тұрғанда біздің көшені қайдан сорады деп ойлап отыр. Үйдегі сыздың кесірінен балаларым, немерелерім жиі ауырады. Қызым тіпті асма демікпе ауруына шалдықты.Осының бәрін айтып қақсаудан жалықтық, бізге ешкім мән беріп жатқан жоқ, -дейді Павлодар қаласының тұрғыны Дәметкен СЫЗДЫҚОВА. Сандалған жұрт жағдайды айтып талай табалдырықты тоздырғанымен ештеңе өзгермеген. Төзімі таусылған тұрғындар ақыры Елбасының өзіне видео жолдау жазуға мәжбүр болыпты. Ал жергілікті атқамінерлер болса, жақын арада бәрі жақсарады деп кезекті рет сендіріп отыр. -Сол аудандағы технологиялық колледж аумағында былтыр су сорғыш станциясы іске қосылды. Ондағы көлденең дренаждың ұзындығы 183 метр. Қазір жер асты суы коллекторға айдалып жатыр. Жақын күндері тереңдігі 20 метр ұңғыманы қазамыз.Кейін «Павлодаргидрогеология» мекемесі мамандарымен бірлесіп, осындай қанша ұңғыма қазу керектігіншешеміз, -дейді Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жетекшісі Николай КАЗАНИН. Дүние-мүлкі бүлінген тұрғындарға қандай да бір шығынның өтелер-өтелмесі жөнінде ешкім ауыз ашпай отыр. Соған қарағанда жұрт жертөлелері мен қабырғаларын өз күшімен жөндейтін сыңайлы. Есесіне, жергілікті шенеуніктер бір ұңғыманы қазуға1 миллион 200 мың теңге бөліп қойыпты.

Фотолар автордікі.

   
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39