Павлодарда 36 миллионды қолды қылған әйел 13 жылдан кейін ұсталды
Павлодарлық полицейлер осыдан 13 жыл бұрын 36 миллион теңге жымқырған әйелді ұстады. Ол 2010 жылдан бері іздеуде жүрген. Полицейлер оны Екібастұз қаласынан ұстаған, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Ұсталған азамат 67 жаста, соңғы жылдары аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін соттан жасырынып жүрген.
«Осыған дейін 2006 жылы Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй рәсімдеу қызметін ұсынып жүрген кәсіпкер келіншек әйелді 36 миллион теңгеге алдап кеткен. Жәбірленуші полицияға хабарласып, күдіктінің өзін тамақтандырып, құрғақ уәде бергенін айтқан. Күдікті 2010 жылы соттан қашып кеткен», - деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД.
Қазір әйел уақытша ұстау изоляторында. Жалпы, полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері павлодарлық жедел қызметкерлер 126 қылмыскердің ізіне түскен.