Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 14:10

Павлодарда №45 колонияның бұрынғы басшысы сотталды

Солтүстік
Фото: ашық дереккөз

Павлодар қаласында №45 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты. Сот оны қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету баптары бойынша кінәлі деп танып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

 Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы хабарлады.

Іс материалдарына сәйкес, колонияның экс-басшысы пара үшін жекелеген сотталғандарға жазасын өтеу барысында артықшылықтар жасаған. Бұл әрекеттер оның тікелей қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғанын дәлелдейді.

Сонымен қатар сот процесі барысында айыпталушының қызметтік міндетін атқару кезінде мемлекеттік құпия санатына жататын мәліметтерді жария еткені анықталған. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, бұл деректердің әшкереленуіне мемлекеттік айыптаудың белсенді ұстанымы айтарлықтай ықпал еткен.

Қылмыстардың жиынтығын ескере отырып, сот сотталған адамды өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырды, сондай-ақ оның подполковник арнаулы атағы қайтарылып алынды.

Қадағалау органының мәліметінше, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: