Павлодарда 5 жастағы баланың үстіне қақпа құлап кеткен

Павлодар облысында бес жастағы баланың үстіне футбол ойыны кезінде темір қақпа құлап кеткен. Оқиға 31 шілде күні Павлодар ауданына қарасты Жертұмсық ауылында болған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, футбол алаңын жергілікті тұрғындар өздері ұйымдастырған. Аталған алаң да, қақпа да мемлекеттік органдардың балансында тіркелмеген.
Полиция қызметкерлері аудан әкіміне оқиға себептерін анықтап және балаларға арналған қауіпсіз ойын алаңын жсалу туралы нұсқама жолдаған.
«Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін футбол кезінде жарақат алған баланың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Облыстық балалар ауруханасының хабарлауынша, балаға жабық бас-ми жарақаты және ми шайқалу диагнозы қойылған. Ол травматология бөліміне жатқызылған. Қазіргі уақытта жағдайы – бірқалыпты.