Павлодарда аялдамаларды жөндеуге 3,5 миллион бөлінді

15.01.2019, 00:19

241

Павлодарда аялдамаларды жөндеуге 3,5 миллион бөлінді Қолда бар ақпаратқа қарағанда, бұл сома 2018 жылмен салыстырғанда екі есеге азайған. Өйткені, биыл аялдамалардың шынысын ғана ауыстыру керек екен. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, шаһардағы аялдамалар былтырғы жылы үш рет жөндеуден өтіпті. Оларды вандалдар қиратып кете береді екен. — Тұрғындарды мұндай әрекеттерді жасамауға шақырамыз. Біріншіден, бұл бұзақылық, екіншіден, аялдамаларды қиратқан адамдар өз жақындарына да қастандық жасады деген сөз. Жұмысқа қоғамдық көлікпен баратынтуыстары осы  орындарда отырады ғой, -дейді Павлодар қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі секторының жетекшісі Николай КАЗАНИН. Шенеуніктердің айтуынша, олар былтырдан бері аялдамаларды шыныдан емес, поликарбонат материалынан жасап тәжірибелеуде. Өйткені, ол аязға төзімді, әрі шыныға қарағанда берік көрінеді. Ал керекуліктер болса, бұрынғы темір аялдамаларды қайтаруды жиі сұрайды екен. — Бұрын қарапайым алдамалар болатын. Бірақ, олар ыңғайлы еді. Жаңбыр жауса  да, жел соқса да олар ық. Қазіргі қойып жатқан аялдамалары әдемі әрине, бірақ оларды бұзақылар оп-оңай шағып кетіп жатыр. Күн суықтажаурап тұрғаның сол жерлерде. Егер темір аялдамларды қайта орнатса, жақсы болар еді. Оларды ешкім бұзбайтын, темір болған соң мықты ғой,- дейді шаһар тұрғындары. Айта кетерлігі, былтырғы жылы бүлінген 100-ге жуық шыны кешен 300 рет қайта жөнделіпті. Ал биыл осындай шараларға бюджеттен 3,5 миллион теңге бөлініп отыр. Бұл сома былтырға қарағанда екі есеге кем. Десе де, аялдамаларды талқандап кету оқиғалары аязмай тұр. Бұзақылар орындықтарға да қол салады екен.Фото автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31