Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:37, 20 Шілде 2020

Павлодарда демеушілер ауруханаларға Бобров аппараттары, дәрі-дәрмектер мен азық-түлік жеткізді

Павлодарлықкәсіпкерлер мен партия белсенділері мүдделі азаматтарды Covid-19 қарсы күресте көмекұйымдастыруға шақырды.

«Павлодароблысының кәсіпкерлері уақытша ауруханаларға Бобров аппараттарын (үш дана),дәрі-дәрмектер пакетін және 1400 литрден астам ауыз минералды су тапсырды», — деді «Нұр Отан» Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Кәсіпкер,«Нұр Отан» партиясының қалалық мәслихатының депутаты Михаил Желнов оттектіылғалдандыруға арналған үш «Бобров» аппаратын сатып алып, оларды Павлодароблыстық кардиологиялық орталыққа, №1 қалалық аурухана мен жедел медициналықжәрдем ауруханасына тапсырды. Оның көмегімен, сондай-ақ, уақытша ауруханалардыңқызметкерлері 400 литрден астам ауыз су алды.

«BluStar» ЖШС директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Қобланбек Қожин шағын жәнеорта бизнес өкілдерімен, түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарымен бірге 1,5млн. теңге көлемінде мұқтаж азаматтарға қажетті дәрі-дәрмектерді Павлодарқаласының уақытша ауруханаларына жеткізді. «Атап айтқанда, фторхмиологин,азитромицин, парацетамол, аспирин, тромбоасс, клексан және басқаларыжеткізілді», — деп атап өтті партияның облыстық филиалы.

«A.R.S.-Oil»ЖШС директоры, «Нұр Отан» партиясының партиялық кадр резервінің мүшесі ӘлияАсқарова қаладағы үш уақытша ауруханаларға 1000 литрден астам ауыз су жеткізді.«Кәсіпкерлер медициналық мекемелерге бірнеше рет көмек көрсетті және осыжұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр, барлық ниет білдірген кәсіпкерлердібастамаға қосылуға шақырамыз», — деп толықтырды баспасөз қызметі.

«Денсаулықсебеті» акциясына партияның Павлодар облыстық филиалының «Жас Отан» жастарқанатының еріктілері қолдау көрсетті. Жас еріктілер уақытша ауруханалардыңмедицина қызметкерлеріне «денсаулық себеттерін» жеткізуді ұйымдастырды.Еріктілер себетке жемістер, бал, қымыз, шай, кептірілген жемістер,антисептиктер мен маскалар салды. «Мұндай көмекті бүгін облыстық кардиологиялықорталықтың, №1 қалалық аурухананың және жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлерімен медбикелері алды», — деді партияның облыстық филиалы. «Жас Отан» жастарқанатының өкілдері еріктілерді медициналық қызметкерлерге бүгіндежерлестерімізді құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тігетін барлық көмеккөрсетуге шақырады».

Еркежан АРЫН 

Тегтер: