19:37, 22 Қазан 2023
Павлодарда жолақысы 200 теңгеге дейін қымбаттайды
Павлодар қаласында қоғамдық көлікте жол жүру құнын 200 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр
Оған қатысты әкімдіктің қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатқа сәйкес, қолма-қол ақшасыз және қолма-қол төленген ақының айырмашылығы 2 есе өседі.
“Павлодар қаласының аумағында қалалық қозғалыстағы жолаушылар мен бағажды тұрақты автомобильмен тасымалдау бағыттарына келесі көлемде сараланған тариф – жолаушыларды тұрақты тасымалдау электронды төлем жүйесі арқылы, интернет желісі және байланыс құрылғыларын қоса алғанда, қолма-қол ақшасыз төлем үшін 100 теңге, ал жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда 200 теңге болып белгіленсін”, - делінген құжатта.