Павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деп күдікке ілінген азамат Ресейден Қазақстанға әкелінді
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Ресейден Қазақстанға Павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деп күдіктелген азамат жеткізілді.
21 ақпанда ер адам жұмысқа шыққан соң байланысқа шықпай, кейін із-түссіз жоғалған деп жарияланған.
«Тергеу барысында сол күні Павлодарда кәсіпкер күдіктімен оның үйінің ауласында кездескені анықталды. Қаржы дауына байланысты жанжалдасып, күдікті зардап шегушіге кеуде мен бет аймағына 22 пышақ жарақатын келтірген. Алынған жарақат салдарынан кәсіпкер сол жерде қаза тапты», - деп хабарлады Бас прокуратурадан.
Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмыс ізін жасыру мақсатында күдікті мәйітті және оның автокөлігін гаражына тығып, Қазақстан шекарасынан тысқа кеткен.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған 8–15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.