Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Қазақстан Республикасы ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматыда педофилді ұстаған полиция майорыБақытжан Бәкіров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Бұл туралыбаспасөз қызметі хабарлады.
«Қызметтік міндетін атқару кезінде батылдықпен қайсарлық көрсеткені үшін Ішкі істер министрлігі Алматы қалалық полициядепартаментінің Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі– БақытжанӘнуарбекұлы Бәкіров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталсын», — делінгенЖарлық мәтінінде.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға11 шілдеде Түрксіб ауданында жеке үйлер алабында болған. Түсте күдіктіПокровская көшесінде орналасқан үйлердің біріне кілтті таңдау ақылы кірген.Үйде 2 бала — төрт жастағы ұл бала мен оның 15 жастағы әпкесі болған. Қаскөйпышақпен қорқытып, 17 мың долларды иемденіп, содан кейін қызды қорлаған. КейінӘл-Фараби даңғылындағы үйде жасырынған күдікті полициядан қашып тұрғын үйдіңжоғарғы қабатынан секіріп кеткен. Сол кезде майор Бақытжан Бәкіров оның артынанбірге секіріп, қылмыскерді қуып жеткен. Осы батылдығы үшін Бақытжан БәкіровтіІшкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде қосқанүлесі үшін» медалімен марапаттаған еді.