Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:09, 30 Желтоқсан 2022

Пеле өмірден өтті

None
None

Футбол королі, үш дүркін әлем чемпионы Эдсон Арантис ду Насименту яғни көпшілікке Пеле есімімен танымал атақты футболшы өмірден өтті, деп хабарлайды Жас Алаш.

Желтоқсанның басында 82 жастағы Пелеге химиотерапия көмектеспейтіні белгілі болды. Кейін оны паллмативті көмек бөліміне ауыстырған. Футбол аңызы 2021 жылдың тамызында қатерлі ісікке шалдыққан.

Пеле 1958, 1962 және 1970 жылдары футболдан әлем чемпионы атанды. ФИФА Пелені «жүзжылдықтың үздік ойыншысы» деп таныған.

Ол «Сантос» және «Нью-Йорк Ғарыш» клубтарында ойнаған. Бразилия құрамасында 92 матч өткізіп, 77 гол соққан.

Тегтер: